Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «25» сәуірдегі № 327 қаулысы

Жарияланды: Сенбі, 25 Сәуір 2015

«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің              2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 958-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«25. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұнын                      2-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының шеңберінде: жылдық оқу жүктемесі 2-3-сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері іске асырады; 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының шеңберінде 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімі іске асырады; 10-11-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары іске асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқу уақытында жүргізіледі.

26. «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 2-4-сыныптарда мынадай оқу курстарының шеңберінде іске асырылады: «Ана тілі», «Музыка», «Бейнелеу өнері», «Технология»; 5-8-сыныптарда сабақтан тыс уақытта, сынып сағаттары мен факультативтер есебінен іске асырылады.»;

35, 36, 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Оқу жылының ұзақтығы 2-11-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.

36. Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда,
2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан,
5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан,
8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.

37. Оқу жылында 2-11-сыныптардағы каникул уақытының ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органы белгілейді.»;

48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Пәндік нәтижелер 2-4-сыныптарда базалық деңгейде, кейінгі сыныптарда үш деңгейде: базалық (міндетті) деңгейде, жетік мүмкіндік деңгейінде 5-11-сыныптарда (белгілі бір пәнді таңдау кезінде 1 сағат көлемінде вариативтік компонентті игеру үшін) және жетік бейіналды деңгейде                  8-9-сыныптарда/жетік бейіндік деңгейде 10-11-сыныптарда (жалпы орта білім беретін ұйымдар таңдаған пәндерді тереңдетіп оқуға арналған үлгілік оқу жоспарларының нұсқаларын игеру үшін) белгіленеді.»;

65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«65. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар 24-ке немесе одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар 20-ға немесе одан артық, шағын жинақты мектептерде кемінде 10-ға толған жағдайда:

1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін 2-11-сыныптарда қазақ тілі бойынша;

2) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін 5-11-сыныптарда қазақ әдебиеті бойынша;

3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін 3-11-сыныптарда орыс тілі бойынша;

4) 2-11-сыныптарда шетел тілі бойынша;

5) 5-11-сыныптарда информатика бойынша;

6) бейінді пәндер бойынша;

7) 5-11-сыныптарда технология бойынша (сынып толымдылығына қарамастан ұлдар мен қыздар топтары);

8) 5-11-сыныптарда дене шынықтыру бойынша сабақтарды жүргізу кезінде жүзеге асырылады.»;

көрсетілген қаулы осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен (бұдан әрі – қосымша) толықтырылсын.

2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін қосымшаның 10-тармағының 2) тармақшасын, 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін қосымшаның 10-тармағының 3) тармақшасын, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін қосымшаның               10-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                      К. Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.