Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі №397 Қаулысы

«Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгілеу және «Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу» басым жобасын іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгіленсін.

2. Қоса беріліп отырған «Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу» жобасын (өтініш беруші – «Bapy Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                      К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу