Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы №798 Қаулысы

Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы

«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы
15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.  Қоса беріліп отырған қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі бекітілсін.
  2.  Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

1 қосымша 

2 қосымша 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу