Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

​​​​​​​Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «24» қазандағы  № 614 қаулысы

Жарияланды: Дүйсенбі, 24 Қазан 2016

«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2012 жылғы 30-наурыздағы № 380 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

         1. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 521-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

         көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларында:

         1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

         «3) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есепте тұрған (бұдан әрі – орталықтандырылған есепке алу) балаларды Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге асырап алуға беру тәртібін айқындайды.»;

         3-тармақта:

2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) баладан бас тартқан;»;

«4) туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім берген;»;

мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұратын шетелдіктердің Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы Қазақстан Республикасының аумағында асырап алуы осы Кодексте шетелдіктер үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;

4-тармақта:

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) бала асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың              14) тармақшасында көрсетілген адамдарды;»;

13) тармақшадағы «адамдарды қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.» деген сөздер «адамдарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

«14) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды қоспағанда (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда), кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.»;

5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Бала асырап алушы мен асырап алынатын баланың жас айырмасы кемінде он алты жас болуға тиіс. Сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкін.

Баланы өгей әкесi (өгей шешесi) асырап алған кезде, осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жас айырмасының болуы талап етiлмейдi.

6. Органның осы Қағидалардың 3-тармағының 1)-3), 5) және  6) тармақшаларында көрсетілген балаларды асырап алуға рұқсат беруі үшін қызмет тәртібі мен құрамын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қорытындысы негіз болып табылады.

Баланы өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған немесе баланы ата-аналарының келісімі бойынша туыстары асырап алған жағдайда, асырап алудың баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытынды талап етілмейді.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және балаларды асырап алуға тілек білдірген туыстары бала тұратын жердегі органға немесе Республикалық деректер банкі арқылы:

1) баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) жақын туыстарының баланы асырап алуға жазбаша келісімін;

4) жиынтық табыстың мөлшері туралы анықтаманы;

5) отбасы жағдайы туралы анықтаманы;

6) азаматтардың және жақын туыстарының денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;

7) сотталмағандығы туралы анықтаманы;

8) тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Бала білім беру, медициналық және өзге де ұйымда болған жағдайда бала тұратын жердегі орган балаға бару және онымен қарым-қатынас жасау үшін туыстарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Республикалық деректер банкі қалыптастырған жолдама береді.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Бала асырап алушылар болу мүмкіндігі туралы қорытындының және бала асырап алуға үміткерлерді тіркеу жері бойынша органның сұрау салуы негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін бала асырап алуға үміткерлерге баланы таңдап алуға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Республикалық деректер банкі қалыптастырған жолдама береді.»;

27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, бала асырап алуға үміткер және белгіленген тәртіппен бала асырап алу жөніндегі аккредиттелген агенттіктер арқылы тіркелген шетелдіктер уәкілетті органға Республикалық деректер банкі арқылы:

1) баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтінішті;

2) табыстары туралы анықтаманы;

3) отбасы жағдайы туралы анықтаманы;

4) паспорттардың көшірмелерін;

5) денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;

6) сотталмағандығы туралы анықтаманы;

7) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімін;

8) достарының немесе көршілерінің кемінде үш ұсыным хатын;

9) тұрғын үйінің бар-жоқтығын растайтын құжатты;

10) бала асырап алу жөніндегі уәкілетті шетелдік мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ықтимал бала асырап алушылардың жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы арнайы берген анықтамасын;

11) бала асырап алуға құқығын растайтын қабылдаушы мемлекеттің құзыретті органы берген құжатты;

12) асырап алынған баланың Қазақстан Республикасынан қабылдаушы мемлекетке баруына рұқсатты;

13) мынадай:

асырап алынған баланың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде тіркелуі;

18 жасқа толғанға дейін асырап алынған балада Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы және оның Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерiнде есепте болуы;

кездейсоқ жағдаяттар кезінде қамқоршыларды белгілеу туралы міндеттемелерді ұсынады.

28. Уәкілетті орган Республикалық деректер банкі арқылы аккредиттелген агенттікке Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге баланың құжаттарын танысу үшін жібереді.»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Уәкілетті орган республикалық деректер банкі арқылы берген жолдамаға сәйкес бала тұратын жердегі органға келгеннен кейін Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер бала орналасқан білім беру, медициналық және өзге де ұйымға барады және:

1) баланы таңдайды, орган өкілінің және қажет болған жағдайда аудармашының қатысуымен тиісті білім беру, медициналық және өзге де ұйымның ережесіне сәйкес режим талаптарын сақтай отырып, онымен кемінде төрт апта тікелей қатынасады (баламен, оның әдеттерімен, талғамымен, мінезінің ерекшеліктерімен жеке танысу, серуендеу, ойындар);

2) баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындымен танысу фактісін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда растайды;

3) тілек білдірсе, бала орналасқан білім беру, медициналық және өзге де ұйым өкілінің қатысуымен асырап алынатын баланы тәуелсіз медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге жүгінеді;

4) бала асырап алу рәсімінен бас тартуды немесе оған одан әрі қатысуды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жазбаша растайды.».

2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін  1-тармақтың үшінші, төртінші, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы абзацтарын қоспағанда,алғашқы ресми жарияланған  күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                            Б.Сағынтаев


Жаңалықтар тізбегі
27 Шілде 2021, 17:55
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бірқатар қаласында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады
27 Шілде 2021, 15:04
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Өзбекстанның көлік министрі И. Махкамовпен кездесті
26 Шілде 2021, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 шілдедегі №493 Қаулысы
26 Шілде 2021, 17:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №489 Қаулысы
26 Шілде 2021, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Астрахан облысының делегациясын қабылдады
26 Шілде 2021, 15:58
Қазақстан мен Eni баламалы энергия көздерін дамытады
25 Шілде 2021, 09:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №121
24 Шілде 2021, 11:38
А. Мамин Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті
23 Шілде 2021, 20:20
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселелерін қарады
23 Шілде 2021, 19:40
Бүгінгі таңда Қазақстанда 8 млн доза вакцина салынды — ҚР ДСМ
23 Шілде 2021, 15:06
Жартыжылдық қорытындысы: Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні тұрақты өсім көрсетіп отыр
23 Шілде 2021, 10:44
Мұнай өндіру, мектептер салу және туризмді белсенді дамыту — Маңғыстау облысында қандай жобалар іске асырылып жатыр
23 Шілде 2021, 09:44
Қажмұқан Бекмұқашев ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
22 Шілде 2021, 18:49
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
22 Шілде 2021, 13:45
Биыл жол салуға бөлінген қаражат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмсалады — Маңғыстау облысының әкімі
22 Шілде 2021, 13:45
Алдағы қыс маусымына жем-шөп қорын құру үшін тиісті қаражат бөлінуде — Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
22 Шілде 2021, 13:34
С. Трұмов: халықаралық деңгейдегі туризм нысандарының салынуы облыс экономикасының дамуына зор серпін береді
21 Шілде 2021, 18:27
Е. Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
21 Шілде 2021, 15:38
А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары: туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым, АӨК, цифрландыру   
21 Шілде 2021, 12:07
Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды
19 Шілде 2021, 21:29
Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
19 Шілде 2021, 21:23
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелерін қарады
19 Шілде 2021, 18:20
Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
19 Шілде 2021, 15:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
16 Шілде 2021, 16:13
Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РЕСЕЙ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
14 Шілде 2021, 18:38
Ғабит Сыздықбеков ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
14 Шілде 2021, 17:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №429 Қаулысы
14 Шілде 2021, 17:20
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
14 Шілде 2021, 17:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №441 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №460 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №466 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №457 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №459 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы
13 Шілде 2021, 17:59
2021 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға өсті — Б. Сұлтанов
13 Шілде 2021, 16:15
Үкіметте 2021 жылы халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды
13 Шілде 2021, 16:08
Үкіметте Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
12 Шілде 2021, 19:10
ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады
12 Шілде 2021, 14:48
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
12 Шілде 2021, 12:08
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
11 Шілде 2021, 10:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №120
10 Шілде 2021, 16:55
ҚР Ұлттық банкі «цифрлық теңгені» енгізу бойынша пилоттық жобаны дайындап жатыр
10 Шілде 2021, 16:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Е. Қарашөкеевті таныстырды
09 Шілде 2021, 18:27
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді
09 Шілде 2021, 09:15
Қанат Ысқақов ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 20:36
Марат Қарабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 19:36
Е. Тоғжанов Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
06 Шілде 2021, 17:35
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады
04 Шілде 2021, 11:06
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №119
03 Шілде 2021, 19:26
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.