Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «24» сәуірдегі № 287 қаулысы

Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына және 37-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу