Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №706 Қаулысы

«Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2020 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы№ 302 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   «Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың
2020 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 302 қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 20-21, 164-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2020 жылға арналған тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:

«

2

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына мемлекеттік кепілдікпен Азия Даму Банкінің (АДБ) қарыз қаражаты есебінен алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру (тұрғын үйді қаржыландыруда гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу жөніндегі жоба)

38000000 мың теңге

2020-2030

38000000 мың теңге

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы

Азия Даму Банкі

                                                                                                                             ».

2.   Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                  А. Мамин

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу