Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы

Жарияланды: Жұма, 25 Қыркүйек 2020

«Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы №32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 7, 28-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларында:

2-тармақта:

2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) индустрияландыру картасы республика деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді;

3) өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасы өңір деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) өңірлік үйлестіру кеңесі – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері жалпы санының кемінде 50%-ін бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – кеңес);»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) уәкілетті орган – индустриялық даму саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия – Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласында ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған уәкілетті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Комиссия);»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына жобаларды іріктеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
31 желтоқсандағы № 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылады.»;

61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«61. Жобалар индустрияландыру картасына өтінімдердің түсуіне және олардың тиісті қаралуына қарай жылына кемінде бір рет өткізілетін өзектілендіру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен енгізіледі.

Жобалар индустрияландыру картасынан жылына кемінде бір рет өткізілетін өзектілендіру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мынадай:

1) бір жыл бойы кемінде қуаттар үздіксіз 70 % деңгейінде жүктелген;

2) Бағдарламаны іске асыру кезеңінде шешілуі мүмкін емес проблемалар, оның ішінде форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайларда алынып тасталады.

62. Жобалар өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасына өтінімдердің түсуіне және олардың тиісті қаралуына қарай жылына кемінде екі рет өзектілендіру қорытындылары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулысымен енгізіледі.

Жобалар өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасынан жылына кемінде екі рет өзектілендіру қорытындылары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулысымен мынадай:

1) бір жыл бойы кемінде қуаттар үздіксіз 70 % деңгейінде жүктелген;

2) Бағдарламаны іске асыру кезеңінде шешілуі мүмкін емес проблемалар, оның ішінде форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайларда алынып тасталады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                      А. Мамин

 

 


Жаңалықтар тізбегі
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.