Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 450 қаулысы

Жарияланды: Дүйсенбі, 23 Шілде 2018

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беругрантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі – грант) – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

3) грант тағайындау жөніндегі республикалық комиссия – өз қызметін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асыратын, грант тағайындау үшін уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – комиссия);

4) жұмыс органы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы;

5) мектептер – жұмыс органының білім беру қызметін жүзеге асыратын филиалдары.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Орта білім беру ұйымдарында білім алатын, мектептердің 7-9 және
11-сыныптарында оқуға үміткер және жұмыс органы айқындаған талаптарға сәйкес құжаттар берген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – үміткерлер) конкурсқа қатысуға жіберіледі.»;

8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Конкурс жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлерге арналған конкурс екі кешенді тестілеуден тұрады:

  1. жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест;
  2. тілдік тест.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест екі бөлімнен тұрады:

  1. «Математика»;
  2. «Сандық сипаттамалар» (сандарды пайдалану дағдылары мен олардың арасындағы өзара байланысты көре білу қабілетін анықтау).

Тілдік тест қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндері бойынша тест тапсырмаларынан тұрады.

9. 7-сыныптарда оқуға үміткерлер үшін өткізілген кешенді тестілеу қорытындылары бойынша «Математика» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын және «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан да көп пайызын жинаған үміткерлердің материалдары комиссияның қарауына енгізіледі.

10. Конкурстың қорытындысы бойынша комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттардың шегінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілетін бағалау бойынша тестілеуден және тілдік тестілеуден барынша жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілетін бағалау бойынша тестілеудің және тілдік тестілеудің жалпы балдарының саны тең болған жағдайда «Математика» бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған
7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлердің «Математика» бөлімі бойынша жинаған балдары тең болған жағдайда «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлердің «Математика» және «Сандық сипаттамалар» бөлімдері бойынша балдарының саны тең болған жағдайда конкурсқа құжаттарды тапсыру кезінде оқу үшін таңдаған тілден неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі.»;

16, 17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«16. «Математика» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын және «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орынның болмауына байланысты мектепке қабылданбаған 7-сыныпта оқуға үміткерлер мектептер бөлінісінде резервтік тізімдерге енгізіледі.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша әрбір пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орындардың болмауына байланысты мектепке қабылданбаған 8, 9 және 11-сыныптарда оқуға үміткерлер мектептер бөлінісінде резервтік тізімдерге енгізіледі.

Үміткерлердің резервтік тізімі әр мектеп бойынша жеке қалыптастырылады және оқу жылы ішінде бос орын болған жағдайда оларды оқуға шақыру мақсатында комиссия бекітеді.

17. Оқу жылы ішінде жарамды резервтік тізімдерге алынған үміткерлерге қосымша конкурстан өтусіз грант тағайындалады. Бір мектептің резервтік тізіміндегі үміткер бос орын болған және ол мектепте резервтік тізім болмаған жағдайда басқа мектепте оқуға үміттене алады.

7-сыныпта оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде грант үміткерлерге осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.

8-9 және 11-сыныптарда оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде екінші кезеңнің қорытындысы бойынша балл саны тең болған жағдайда үміткерлерге грант осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.

Резервтік тізімдегі үміткерлерге грант тағайындау туралы шешім комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.

18. Мектептің білім алушысы жұмыс органының жарғысында көзделген негіздер бойынша мектептен шығарылған жағдайда гранттан айырылады.

19. Босаған гранттар осы Қағидаларда көзделген тәртіппен тағайындалады.»;

көрсетілген Қағидаларға ескертпе алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   Б. Сағынтаев


Жаңалықтар тізбегі
26 Қазан 2021, 18:28
«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанды қалай өзгертіп жатыр: заманауи автомагистральдар және жаңа бағыттардың ашылуы
26 Қазан 2021, 10:54
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.10.2021
26 Қазан 2021, 10:42
Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді — С. Шәпкенов
26 Қазан 2021, 10:32
ҚР-да соңғы екі айда КВИ-мен сырқаттанушылық 4,5 есеге, өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді — А. Цой
26 Қазан 2021, 09:55
2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 1 млн-нан астам қазақстандық қамтылды
26 Қазан 2021, 09:43
А. Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды
25 Қазан 2021, 20:06
Е. Тоғжанов ғылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
25 Қазан 2021, 15:16
А. Мамин Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары М. Варгамен екі елдің ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады
25 Қазан 2021, 10:50
26 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Қазан 2021, 09:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №134
23 Қазан 2021, 17:58
Ә. Смайылов қаржыгерлер аллеясының ашылу рәсіміне қатысты
23 Қазан 2021, 12:31
Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырудың маңызы зор — А. Мамин
23 Қазан 2021, 09:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 қазандағы №736 Қаулысы
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.