Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «23» сәуірдегі № 257 қаулысы

Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

 

«2015 – 2017 жылдарға   арналған   республикалық   бюджет туралы»2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу;

2) Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға арналған қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Орталық мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне кәсіптік стандарттардың әзірлену барысы туралы есептер берсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне кәсіптік стандарттардың әзірлену барысы туралы ақпарат берсін.

4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу