Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі №388 Қаулысы

Жарияланды: Сәрсенбі, 23 Сәуір 2014

«Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы  № 726 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 582-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарда:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2.Талаптар Қазақстан Республикасының Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде, бербоут-чартер тiзiлiмiнде және халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тiркеуге жататын өздiгiнен жүретін кемелерге қолданылады.»;

3-тармақта:

5), 7) тармақшалар алынып тасталсын;

8), 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«8) палубалық команданың қатардағы құрамы;

9) машиналық команданың қатардағы құрамы.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Кеме экипажының саны кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлiкте көрсетiлгеннен кем болған кезде, мынадай мән-жайлардың бірінің болуын қоспағанда, кеменiң теңiзге шығуына жол берiлмейдi:

1) кеме экипажы мүшесінің қайтыс болуы;

         2) кеме экипажы мүшесінің кемеден тыс емдеуді талап ететін ауруы немесе жарақаты;

         3) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда кеме экипажы мүшесінің репатриациясы;

         4) экипаж мүшесінің рейске шығуға объективті мүмкіндігінің болмауы (құқық қорғау органдарының ұстауы, хабар-ошарсыз жоғалып кетуі, кеменің рейске тағайындалған шығу уақытына қарай кемеге оралмауы, құжаттарды жоғалтуы).»;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлiкте көрсетiлгендердің қатарынан кеме экипажының бір мүшесі болмаған кезде осы Талаптардың         5-тармағында көрсетілген мән-жайлар кезінде теңіз портының капитаны кемеге осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес ерекше жағдай туралы куәлік береді.

Ерекше жағдай туралы куәлікті алу үшін кеме капитаны кеменің рейске алғашқы тағайындалған шығу сәтінен кейін 4 сағат өткен соң кеме иесімен келісу бойынша теңіз портының капитанына мыналарды көрсетіп, еркін нысанда өтініш береді:

  1. кеменің атауы, шақыру сигналы, жалпы сыйымдылығы, Халықаралық Теңіз Ұйымының (IMO) нөмірі;

  2. кеме экипажының келмей қалған мүшесінің лауазымы;

  3. кеме экипажы мүшесінің келмей қалу себебі;

  4. кеме экипажының келмей қалған мүшесінің лауазымдық міндеттерін кеме экипажының басқа мүшелері арасында қайта бөлу;

  5. кеме экипажының келмей қалған мүшесін қоспағанда, кеме экипажы мүшелерінің саны;

  6. кеменің порттан шығу күні;

  7. кеменің алдағы рейсінің егжей-тегжейі.

Теңіз портының капитаны өтініш берілген сәттен бастап 20 сағаттан кешіктірмейтін мерзімде кеме капитанына ерекше жағдай туралы куәлікті береді.

Ерекше жағдай туралы куәлік берілген сәттен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге беріледі.

Кеме экипажының келмей қалған мүшесінің міндеттерін қайта бөлу экипаж мүшелерінің вахта қызметін атқаруының үздіксіздігін қамтамасыз ету және олардың тынығуының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген ең аз уақыты ескеріле отырып, жүргізіледі.»;

8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұзындығы 75 метрден артық өздігінен жүзетін кемелердің немесе  75 метрден артық құрамның жұмысы кезінде кеменің (құрамның) алдыңғы немесе артқы жағында бір мезгілде арқандап байлауды (арқанды шешуді) қамтамасыз ететін қатардағы құрамның саны кемінде екі адамды құрайды.»;

көрсетілген Талаптарға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Талаптар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                       К. Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
04 Қазан 2021, 11:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №677 Қаулысы
03 Қазан 2021, 09:47
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131
02 Қазан 2021, 14:05
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөнінде кеңес өткізді
01 Қазан 2021, 18:46
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.