Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 ақпандағы №87 Қаулысы

«Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы №503 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 36-37-38, 251-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларында: 

8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бюджет қаражатының үнемделуін, Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің бөлінбеген қалдығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған нысаналы даму трансферттерінің қайтарылған сомасын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелерден түзетілген бюджеттің асып түсу сомасы республикалық бюджет қаражатының игерілмеген сомасы болып табылады.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі    А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу