Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №428 Қаулысы

Жарияланды: Жұма, 25 Маусым 2021

«Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы №762 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы №762 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу қағидаларында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 41-бабы 1 тармағының 2) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу тәртібін айқындайды.»;

3-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) конкурс – заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру мақсатында мерзiмдi баспа басылымдарын айқындау тәсiлi;»;

мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдері – Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылар, қорытындылар және жолдаулар нысанында қабылданатын шешімдері.»;

4-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Конкурс мынадай заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру мақсатында өткізіледі:»;

мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдері.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу тәртiбi»;

5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Заңнамалық актілерді және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығы берілетін мерзімді баспа басылымдарын келесі жылға айқындау мақсатында конкурсты ұйымдастырушы ағымдағы жылғы қарашадан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды.

6. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын орналастырылады.

Хабарландыруда мынадай мәлiметтер қамтылады:

конкурсты ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;

конкурс өткiзілетін уақыт, күн және орын;

осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алу конкурсына қатысуға өтінімдер (бұдан әрі – өтінім) қабылданатын, конкурс туралы қосымша ақпарат берілетін мерзімдері мен орны, сондай-ақ өтiнiмдерi бар конверттер ашылатын орны, күнi және уақыты;

тираж бен мерзімділік бойынша конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар;

өтiнiмдi жасау тiлiне қойылатын талаптар.»;

13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша өтінімдерді ашқан күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде заңнамалық актілерді және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымдарын айқындау конкурсы қорытындыларының хаттамасы ресімделеді.»;

14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) заңнамалық актілерді және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымын айқындау туралы.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Конкурс қорытындысының хаттамасы негізінде мерзімді баспа басылымына бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетiлген заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру туралы хабарлама-хат жіберіледі.»;

Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу қағидаларына қосымшада:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алу конкурсына қатысуға өтінім».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                         А. Мамин

 


Жаңалықтар тізбегі
25 Шілде 2021, 09:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №121
24 Шілде 2021, 11:38
А. Мамин Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті
23 Шілде 2021, 20:20
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселелерін қарады
23 Шілде 2021, 15:06
Жартыжылдық қорытындысы: Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні тұрақты өсім көрсетіп отыр
23 Шілде 2021, 10:44
Мұнай өндіру, мектептер салу және туризмді белсенді дамыту — Маңғыстау облысында қандай жобалар іске асырылып жатыр
23 Шілде 2021, 09:44
Қажмұқан Бекмұқашев ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
22 Шілде 2021, 18:49
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
22 Шілде 2021, 13:45
Биыл жол салуға бөлінген қаражат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмсалады — Маңғыстау облысының әкімі
22 Шілде 2021, 13:45
Алдағы қыс маусымына жем-шөп қорын құру үшін тиісті қаражат бөлінуде — Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
22 Шілде 2021, 13:34
С. Трұмов: халықаралық деңгейдегі туризм нысандарының салынуы облыс экономикасының дамуына зор серпін береді
21 Шілде 2021, 18:27
Е. Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
21 Шілде 2021, 15:38
А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары: туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым, АӨК, цифрландыру   
21 Шілде 2021, 12:07
Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды
19 Шілде 2021, 21:29
Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
19 Шілде 2021, 21:23
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелерін қарады
19 Шілде 2021, 18:20
Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
19 Шілде 2021, 15:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
16 Шілде 2021, 16:13
Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РЕСЕЙ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
14 Шілде 2021, 18:38
Ғабит Сыздықбеков ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
14 Шілде 2021, 17:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №429 Қаулысы
14 Шілде 2021, 17:20
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
14 Шілде 2021, 17:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №441 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №460 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №466 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №457 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №459 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы
13 Шілде 2021, 17:59
2021 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға өсті — Б. Сұлтанов
13 Шілде 2021, 16:15
Үкіметте 2021 жылы халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды
13 Шілде 2021, 16:08
Үкіметте Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
12 Шілде 2021, 19:10
ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады
12 Шілде 2021, 14:48
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
12 Шілде 2021, 12:08
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
11 Шілде 2021, 10:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №120
10 Шілде 2021, 16:55
ҚР Ұлттық банкі «цифрлық теңгені» енгізу бойынша пилоттық жобаны дайындап жатыр
10 Шілде 2021, 16:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Е. Қарашөкеевті таныстырды
09 Шілде 2021, 18:27
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді
09 Шілде 2021, 09:15
Қанат Ысқақов ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 20:36
Марат Қарабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 19:36
Е. Тоғжанов Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
06 Шілде 2021, 17:35
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады
04 Шілде 2021, 11:06
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №119
03 Шілде 2021, 19:26
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
02 Шілде 2021, 20:42
Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты
02 Шілде 2021, 17:22
А. Мамин ЕАДБ отырысын өткізді – Банктің 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді
02 Шілде 2021, 17:20
А. Мамин Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
02 Шілде 2021, 14:17
ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
02 Шілде 2021, 14:04
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Шілде 2021, 13:43
А. Мамин «Алтын Орда» көлік айрығын реконструкциялауды 2021 жылғы қазанда аяқтауды тапсырды
02 Шілде 2021, 13:08
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін Алматы метросының «Сарыарқа» және «Достық» станцияларының құрылысын аяқтауды тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.