Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 шілдедегі №510 Қаулысы

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (келісу бойынша) жыл сайын 5 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесін өзектілендіру жөнінде ұсыныстар беріп тұруды қамтамасыз етсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

«1. Республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлері» деген бөлімде:

реттік нөмiрлерi 7, 22, 25, 32, 43, 45, 47, 61, 65 және 75-жолдар алып тасталсын;

«2. Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлері» деген бөлімде:

реттік нөмiрлерi 15, 23, 25, 59 және 66-жолдар алып тасталсын;

«4. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері» деген бөлімде:

реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;

«5. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді заңды тұлғалары және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 3, 4, 8, 19, 22, 25, 29, 30, 31, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 76, 88, 95, 100, 101, 102, 103, 105, 126, 129, 156, 180 және 181-жолдар алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                             Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу