Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №780 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналар:
  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Экономика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Экономика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылу жолымен;
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылу жолымен;
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылу жолымен;
  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылу жолымен;
  5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Философия, саясаттану және дінтану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылу жолымен;
  6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылу жолымен;
  7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
  1. Мыналар:
  1. осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылым қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру саласында қызметін жүзеге асыру;
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органы болып айқындалсын.
  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында кәсіпорындарды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсін:
  1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

реттік нөмірлері 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. «Экономика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

4. «А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

5. «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

6. «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

7. «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

8. «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

9 «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.»;

  1. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

 «

28.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Экономика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

 

29.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

 

30.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

 

31.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

 

32.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

 

33.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

 

34.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

 

».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                  А. Мамин

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу