Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі №213 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 3-тармағын, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармағының он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі А. Мамин

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша - өзгерістер

Тізім

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу