Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы №118 Қаулысы

Жарияланды: Сәрсенбі, 19 Ақпан 2014

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, жергілікті атқарушы органдар дене шынықтыру және спорт саласында көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсі спорттық атақтары мен санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) «Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiнші жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін.

1) «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 512-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң ережесiнде:

5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Материалдық қамсыздандыру алуға құқығы бар адамдар (бұдан әрi − алушы) мынадай құжаттарды ұсынады:

спортшылар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасының нотариалды расталған көшiрмесi немесе төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:

тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;

еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;

қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;

жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме;

жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;

қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

3) Олимпиада ойындарының чемпионы және (немесе) жүлдегерi және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы екендiгiн растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесi;

4) спортшының атағын растайтын куәлiктiң немесе уәкiлеттi орган бұйрығының көшiрмесi;

жаттықтырушылар:

1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) жаттықтырушылық жұмысының жиырма жылдық өтілін растайтын еңбек кiтапшасының нотариалды куәландырылған көшiрмесi немесе төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:

тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;

еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;

қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;

жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме;

жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;

қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

3) Олимпиада ойындарының чемпионы және (немесе) жүлдегерi және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан анықтама;

4) өзi жаттықтырған спортшының Олимпиада ойындарының чемпионы және (немесе) жүлдегерi және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы екендiгiн растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесi;

5) жаттықтырушының атағын растайтын куәлiктiң немесе уәкiлеттi орган бұйрығының көшiрмесi.

6. Ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем төлеу туралы немесе бас тартылғаны туралы шешiм қабылдау, құжаттарды қарау мерзiмi өтініш қабылданған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күннен аспауы тиiс.»;

көрсетілген Ереженің қосымшасы осы қаулының 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2) «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1288 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 48, 537-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидасында:

5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Бiрлестiк аккредиттеу туралы куәлiк (бұдан әрі − куәлік) алу үшiн мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) бірлестікті Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама немесе бірлестікті Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде мемлекеттiк (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

3) бірлестік филиалдарын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің аумағында құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама немесе бірлестік филиалдарын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің аумағында құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлға ретінде мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

4) бірлестіктің спорт түрлері бойынша бағдарламаларды іске асыруға қатысуы туралы ақпарат;

5) дене шынықтыру және спорт cаласындағы мамандық бойынша кәсіптік жоғары немесе кәсіптік орта білімі бар бiлiкті кадрлар дипломдарының көшірмелері;

6) спорттық секциялар, клубтар, топтар, сондай-ақ оларда аталған спорт түрімен шұғылданатындардың саны туралы ақпараттық анықтама.

6. Уәкiлеттi органның құжаттарды қарау, куәлік беру немесе бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзiмi өтініш берілген сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен аспауы тиiс.»;

көрсетілген Қағидасына қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                      С. Ахметов


Жаңалықтар тізбегі
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.