Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «18» ақпандағы № 79 қаулысы

Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту және «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі;

2) қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларың, жұмыстарың, қызметтерің тізбесі мен көлемі бекітілсін.

2. «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 88-89, 731-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларында:

көрсетілген нормаларға қосымшада:

«Азық-түлік өнімдерін алмастыру нормалары:» деген бөлімде:

реттік нөмірі 5-жолда:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

сублимациялық кепкен пиязбен;

 

5

                                                                                                     »;

реттік нөмірі 9-жолда:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

кепкен балықпен және сублимациялық кептірілген балықпен;

 

33

                                                                                                             ».

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қосымша 1

Қосымша 2

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу