Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі №212 Қаулысы

Жарияланды: Сейсенбі, 21 Сәуір 2020

«Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 жыл, № 71, 649-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айландыру қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 145-бабына сәйкес әзірленді және кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жасылсын:
«1) кепіл – күдіктінің, айыпталушының, сотталушының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға немесе сотқа олардың шақыртуы бойынша келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ олардың жаңа қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауының алдын алу мақсатында күдіктінің, айыпталушының, сотталушының өзiнің не басқа тұлғаның сот депозитiне ақша не қылмыстық процесті жүргізетін органға құндылықтарды, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті енгізуінен тұратын бұлтартпау шарасы;»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Кепіл ретінде кепіл берушінің келісімімен ҚПК-нің 145-бабының 3-бөлігіне сәйкес құны қылмыстың тиісті санаты бойынша кепілдің ең жоғары мөлшерінен асатын өзге мүлік берілуі мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
«5-2. Кепілдің құндылығын және ауыртпалықтардың жоқ екенін дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі.»;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады;
«4. Кепілді өткізу және айналдыру тәртібі» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кепілді қайтару тәртібі»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мынадай:
1) егер күдікті, айыпталушы өзіне жүктелген міндеттерді бұзбаса, бірақ күдіктіге, айыпталушыға қатысты неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы қолданылса;
2) күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды тоқтату туралы үкім немесе қаулы шығарылған;
3) күдікті, айыпталушы үшін кепіл енгізген адам күдіктінің, айыпталушының қылмыстық процесті жүргізуші органға келу жөніндегі міндеттерін одан әрі орындауын қамтамасыз етуге шамасы жоқ екені және күдікті, айыпталушы аталған міндеттерді бұзбағандығы туралы жазбаша өтініш берген;
4) бұлтартпау шарасын неғұрлым қатаң түріне өзгерген жағдайларда кепіл нысанасы кепіл берушіге дереу қайтарылады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Қағидалардың 16-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда кепілді қайтару ҚПК-нің 153-бабының 5-бөлігіне сәйкес кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын жою немесе өзгерту кезінде тергеу судьясының қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында қылмыстық іс немесе қылмыстық қудалау тоқтатылған кезде кепілді қайтару прокурордың келісімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Қылмыстық іс сот талқылауы сатысында тоқтатылған жағдайда кепілді қайтару сот қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Сот депозитінен кепілді қайтару кепіл берушінің сот кеңсесі басшысының атына кепілді қайтару туралы өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Өтінішке:
1) кепіл берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы екінші деңгейдегі банктен анықтаманың түпнұсқасы;
3) сот үкімінің немесе бұлтартпау шарасының күшін жою немесе өзгерту туралы тергеу судьясы қаулысының не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның прокурормен келісілген бұлтартпау шарасының күшін жою туралы қаулысының көшірмесі қоса беріледі.
Кепілді қайтару туралы өтінішті сот үш жұмыс күні ішінде қарайды.
Кепілді қайтару (аудару) бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Сот бұлтартпау шарасын жойған айыптау үкімі шығарылған жағдайда, кепіл нысаны үкім заңды күшіне енгеннен кейін қайтарылады.
Бұл ретте сот депозитінен кепілді қайтару осы тармақта көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Мүліктен тыйым салуды алып тастау және өзге мүлікті қайтару үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:
«5. Кепіл нысанын өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 18, 19 және 20-тармақтармен толықтырылсын:
«18. Егер күдікті, айыпталушы кепіл беруші болып табылса, сот азаматтық талап қою, процестік шығындар және өзге де мүліктік өндіріп алу қажеттігі болған кезде кепіл тағдыры туралы мәселені қарай отырып, прокурордың өтінішхаты бойынша кепіл нысанына не оның бір бөлігіне өндіріп алуды қолдану туралы шешім қабылдауға құқылы.
Күдікті, айыпталушы болып табылмайтын кепіл беруші енгізген кепіл нысанына өндіріп алуды қолдану оның келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін.
19. Күдікті, айыпталушы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамаған жағдайда прокурор тергеу судьясына кепілді мемлекет кірісіне айналдыру туралы өтінішхат жібереді.
Сот прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдайды, оған кепіл беруші ҚПК-нің 107-бабында көзделген тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым жасауы мүмкін.
20. Кепіл мүлкін мемлекет кірісіне өткізу сот актісінің негізінде жүзеге асырылады. Кепіл мүлкін мемлекет кірісіне айналдыру туралы сот актісін орындауды атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен сот орындаушылары жүргізеді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин


Жаңалықтар тізбегі
23 Қазан 2021, 17:58
Ә. Смайылов қаржыгерлер аллеясының ашылу рәсіміне қатысты
23 Қазан 2021, 12:31
Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырудың маңызы зор — А. Мамин
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.