02 Сәуір 2020, 13:27
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«2020–2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын және жылдың қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
ҚазақстанРеспубликасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу