Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 мамырдағы №291 Қаулысы

«Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту және «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ 
қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту және «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 
31 желтоқсандағы № 1423 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №79 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 55-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемінде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын: 

« 
2    үлбір (қаракөл, қой терісі) жағасы бар, парадтық-салтанаттық пальто, былғары пальто    дана    1000
»;
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
« 
12    жеңге тағатын белгілер (шеврондар, жапсырмалар)    дана    100000
»;
реттік нөмірлері 16, 17-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірлері 18, 19, 20-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: 
« 
18    кепкасы бар бүркеніш түсті жазғы костюм    жиынтық    16000
19    бүркеніш түсті жылы костюм    жиынтық    10000
20    ұзын және қысқа жеңді күнделікті (салтанатты) жейде    дана    55000
»;
реттік нөмірі 21-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
« 
24    берет, пилотка    дана    5000
»;
реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
« 
25    галстук, қосарланған галстук      дана    30000
»;
реттік нөмірлері 29, 30-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
« 
29    қара түсті туфли     жұп    18000
30    қара түсті қысқа қонышты бәтеңке    жұп    15000
»;
реттік нөмірі 31-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 32, 33, 34, 35-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
« 
32    қысқа қонышты жылы етік    жұп    15000
33    жылы етік    жұп    10000
34    ұзын қонышты бәтеңке    жұп    15000
35    ұзын қонышты жылы бәтеңке    жұп    15000
»;
реттік нөмірі 44-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 45-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
« 
45    әйелдерге арналған ішкиім    дана    10000
»;
реттік нөмірі 48-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 51, 52-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
« 
51    қысқа қонышты бәтеңке    жұп    30000
52    жылы бәтеңке    жұп    30000
»;
реттік нөмірлері 54, 55, 56, 57-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
« 
54    бөлмеде және госпитальде киетін аяқ киімдер    жұп    30000
55    пима    жұп    2000
56    матрас    дана    80000
57    ақжайма    дана    80000
»;
реттік нөмірлері 59, 60, 61, 62-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: 
« 
59    жастық    дана    80000
60    жастықтыс    дана    80000
61    көрпе (жартылай жүнді, синтепонды, түкті)    дана    80000
62    сүлгі    дана    100000
»;
реттік нөмірі 65-жол мынадай редакцияда жазылсын:
« 
65    медициналық костюм    жиынтық    5000
»;
реттік нөмірі 66, 67-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірлері 68, 69, 70-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
« 
68    пижама    дана    10000
69    жарық шағылыстырғыш жолағы бар жазғы костюм    жиынтық    70000
70    жарық шағылыстырғыш жолағы бар
жылы күрте және шалбар    жиынтық    70000
»;
реттік нөмірлері 71, 72, 73, 74, 75-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірлері 80, 81-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
« 
80    шұлғаулар    дана    100000
81    жөргектер, жаялық, ішкөйлектер    дана    5000
»;
реттік нөмірлері 82, 84-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 85-жол мынадай редакцияда жазылсын:
« 
85    перделер     дана    1000
»;
реттік нөмірі 86-жол мынадай редакцияда жазылсын:
« 
86    1 және 2-сұрыпты ұн өндірісі    тонна    200
»;
реттік нөмірі 89, 90, 91-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
« 
89    макарон өнімдері    тонна    400
90    жармаларды өңдеу    тонна    300
91    ет (қой, сиыр, жылқы, шошқа еті)    тонна    150
»;
реттік нөмірлері 92, 93-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 94, 95-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
« 
94    тауық (жартылай тазартылған)    тонна    20
95    тауық жұмыртқасы    дана    1000000
»;
реттік нөмірлері 97, 98, 99-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
« 
97    тұздалған балық    тонна    30
98    басы жоқ мұздатылған балық (балық өңдеу)    тонна    100
99    тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы (мақсары, күнбағыс, мақта)    тонна    300
»;
реттік нөмірі 110-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 111, 112, 113, 114, 115-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
« 
111    үстел (бір, екі тумбалы, компьютерге арналған, кітапша, парта)    дана    10000
112    киімге арналған шкаф    дана    10000
113    қағазға және кітаптарға арналған шкаф    дана    5000
114    ыдысқа арналған шкаф    дана    5000
115    жұмсақ, жартылай жұмсақ орындық    дана    5000
»;
реттік нөмірі 119-жол мынадай редакцияда жазылсын;
« 
119    қабырға киім ілгіші    дана    5000
»;
реттік нөмірлері 133, 135, 161, 173-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірлері 174, 175, 176, 177, 178-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
« 
174    реконструкциялау, күрделі, ағымдағы жөндеу қылмыстық-атқару жүйесі үшін    мың теңге    қаржы-ландыру шеңберінде
175    жылу энергиясын өндіру    мың теңге    2000000
176    электр энергиясын жеткізу    мың теңге    100000
177    сумен жабдықтау    мың теңге    200000
178    сарқынды суларды тасымалдау    мың теңге    100000
»;
реттік нөмірлері 181, 183, 185-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 188-жол мынадай редакцияда жазылсын:
« 
188    сотталғандарды, күдіктілер мен айыпталушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру     мың теңге    қаржы-ландыру шеңберінде, тамақтан-дыру нормаларына сәйкес
»;
реттік нөмірі 189-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 190-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
190    абаттандыру (кіші сәулет нысандары)    мың теңге    50000
»;
реттік нөмірлері 191, 192-жолдар алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу