Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «14» шілдедегі № 404 қаулысы

Жарияланды: Бейсенбі, 14 Шілде 2016

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың      үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 361-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары»;

1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру          бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы
27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және адамдарды жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) магистратурасына, докторантурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына қабылдау тәртібін айқындайды.

2. ЖОО магистранттарының, докторанттарының, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасы тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

Егер Қазақстан Республикасының азаматтары әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, мемлекет оларға мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде осы деңгейдегі білімді тегін алу құқығын береді.    

Егер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, олар осы деңгейдегі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.

Магистратурада, докторантурада және резидентурада шетелдіктерді оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Докторантурада оқу мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.»;

4-тармақ алып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдау басталатын күнге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жарияланады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтінішін қабылдау 10 – 30 шілде аралығында жүргізіледі.

Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсу емтихандары – 10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.»;

2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Магистратураға және резидентураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.»;

мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Шетелдік білім беру ұйымдарында білім туралы құжаттарды алған адамдар Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының магистратурасына, резидентурасына және докторантурасына түсу үшін алған білім деңгейлеріне және даярлау бейініне сәйкес білімдері туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау рәсімінен өтулері қажет.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес танылады.»;

10-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Магистратураға түсуші адамдар – ЖОО-ға, резидентураға түсуші адамдар ЖОО мен ғылыми ұйымдарға мынадай құжаттарды тапсырады:»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Докторантураға кемінде 3 жыл еңбек өтілі және «магистр» дәрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген адамдар қабылданады.»;

12-тармақта:

2) тармақша алып тасталсын;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);»;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін).»;

13, 14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші адамдар түсу емтихандарын:

1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс; араб тілін білу талап етілетін мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін араб тілі бойынша);

2) мамандық бойынша тапсырады.

14. Мынадай емтихандар бойынша:

ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);

француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF,                С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар адамдар магистратураға, резидентураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

15. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезінде – ЖОО-да, резидентураға түсу емтихандарын өткізу кезінде ЖОО-да және ғылыми ұйымда мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады.»;

19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Шет тілі бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.»;

21, 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Шет тілі бойынша түсу емтихандары білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін базалық ЖОО-ларда өткізіледі.

22. Түсу емтихандарын тапсырған жылы оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Апелляциялық комиссия магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны                            мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және     қарайды.

Апелляциялық комиссия мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша апелляцияларды қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілі бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.»;

25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші адам апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.»;

3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау»;

28, 29, 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Магистранттар, резидентура тыңдаушылары және докторанттар қатарына қабылдауды ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

29. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес             бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша мынадай ең жоғары балл жинаған адамдар қабылданады:

1) ғылыми-педагогикалық магистратураға, докторантураға – кемінде               150 балл;

2) бейінді магистратураға және резидентураға – кемінде 130 балл, оның ішінде шет тілінен – кемінде 30 балл.

Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын,            француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар              адамдарға бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша ең жоғары балл                        қосылады.

30. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық шет тілі бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға                       және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар                ескеріледі.»;

32, 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде нысаналы орындар жоғары оқу орындары арасында мамандықтар бойынша одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға 5 қыркүйекке дейін қайтарылады.  

Бұл ретте, ең алдымен тиісті мамандық бойынша түсу                  емтихандарының нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл алған            үміткерлері бар ЖОО-ның өтінімдері қанағаттандырылады. Аталған мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, қайта бөлу мамандықтар тобының ішінде жүзеге асырылады. Уәкілетті органның бұйрығы 30 қыркүйекке дейін шығарылады.

33. ЖОО мен ғылыми ұйымдар білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік 10 күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.».

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі               К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы « 14 » шілдедегі

№ 404 қаулысына қосымша

Жоғары оқу орнынан кейінгібілімнің білім беру бағдарламаларыніске асыратын білім беруұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына қосымша

Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі

Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша балдар Бағалаудың 4 балдық шәкілі бойынша балдар
95-100 Өте жақсы (5)
90-94
85-89 Жақсы (4)
80-84
75-79
70-74 Қанағаттанарлық (3)
65-69
60-64
55-59
50-54
30-49 Қанағаттанғысыз (2)*
0-29

*бейінді магистратурада және резидентурада «қанағаттанғысыз» бағасына
0-ден 29-ға дейінгі балл сәйкес келеді

____________________________________


Жаңалықтар тізбегі
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.