Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 мамырдағы №318 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы №168 және «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» 2002 жылғы 10 желтоқсандағы №1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта;

142-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«142. Кеңседе жобалардың өту мерзімі (жоба құрылымдық бөлімшелерге келіп түскен күннен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін): Үкімет қаулыларының жобалары үшін – 20 (жиырма) жұмыс күнінен, қарыз туралы халықаралық шарттар туралы қаулы жобалары үшін – 10 (он) жұмыс күнінен, Премьер-Министр өкімдерінің жобалары үшін – 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Үкімет басшылығының тапсырмасы бойынша әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге де қысқартылған мерзімдері белгіленеді.»:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентi (бұдан әрі – Президент), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі (бұдан әрі – Премьер-Министр) және Қазақстан Республикасы Yкiметi (бұдан әрі – Yкiмет) актілерiнің, Президенттің, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi (бұдан әрі –  Президент Әкiмшiлiгi) басшылығының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі – Кеңсе) Басшысының, оның орынбасарларының тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі) және Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі – Ассамблея) шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың, депутаттар бастама жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру туралы Парламент палаталары (бұдан әрі – Парламент палаталары) өтiнiштерінің, Парламент депутаттары сауалдарының орындалуын бақылауды ұйымдастыруды регламенттейдi.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Кеңседе бақылау жұмысын үйлестіруді БҚҚБ жүзеге асырады, ол соның ішінде құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары бойынша:

1) Президенттің, Премьер-Министрдің және Үкіметтің актілерін не актілерінің тармақтарын;

2) өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, Президент мәлімдемелерінің (үндеулерінің), жұмыс кеңестерінің, Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Президент басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген Президенттің тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын;

3)   Президенттің жеке тапсырмаларын, сондай-ақ  әлеуметтік желілердегі  ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын;

4)  құжаттың қағаздағы жеткізгіштерінде «Бақылауға алынды» деген мөртабан немесе электрондық карточкасында бақылау мәртебесі туралы белгі болған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік және өзге құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын;

5)  Қауіпсіздік Кеңесінің және  Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын;

 6)  Үкімет отырыстарының, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы, Кеңсе Басшысындағы кеңестердің хаттамаларын;

7) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар берілген Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысы мен оның орынбасарларының, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша тапсырмаларын;

8) орындалу мерзімі көрсетілген немесе «өте шұғыл», «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері бар, бақылауға алынғаны көрсетілген Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының Премьер-Министр Кеңсесіне, Кеңсе Басшысының (оның міндетін орындаушы адамның) атына жолданған тапсырмаларын;

9) Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын;

10) Парламент депутаттарының сауалдарын, депутаттар бастама жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытынды беруін өтінген Парламент палаталарының өтініштерін;

11) прокурорлық қадағалау актілерін;

12) Конституциялық Кеңестің сұрау салуларын, нормативтік қаулылары мен жолдауларын;

13) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұрау салуларын, қаулыларын бақылауға алады.»;

7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Егер бақылаудағы құжаттарда (Президенттің актілері мен тапсырмаларынан, сондай-ақ Қауіпсіздік  Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардан басқа) нақты орындалу мерзімі көрсетілмесе, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары болмаса, онда мұндай құжаттар келіп түскен күнінен бастап бір ай мерзімде, ал «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» деген белгісі болған кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалады.»;

10-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Президенттің тапсырмаларын, оның әлеуметтік желілердегі  ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын, сондай-ақ  Қауіпсіздік  Кеңесінің және Ассамблеяның  шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмаларын бақылаудан алу туралы тапсырмалардың жобаларын дайындау кезінде Кеңсенің орындаушы болып табылатын құрылымдық бөлімшесі қарар жобасын БҚҚБ меңгерушісімен келіседі.»;

12-тармақта:

үшінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Президенттің актілері мен тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік  Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша – оларды бақылаудан алу не орындау мерзімін ұзарту туралы не нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру не Үкіметтің бақылауына ауыстыру туралы Премьер-Министрдің не оның орынбасарларының атынан  Президенттің немесе Тұңғыш Президент – Елбасының атына белгіленген тәртіппен дайындалған негізделген хаттың жобасын;

2) Президенттің тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік  Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар не Президент Әкімшілігінің тапсырмалары бойынша – оларды бақылаудан алу не орындау мерзімін ұзарту туралы не нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру не Үкіметтің бақылауына ауыстыру туралы Премьер-Министр орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының (ол болмаған кезде – оның міндетін атқарушы адамның) атынан Президент Әкімшілігінің атына белгіленген тәртіппен дайындалған негізделген хаттың жобасын.

Президенттің тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік  Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылау түрлерін ауыстыру, орындау мерзімін ұзарту, бақылаудан алу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады;»;

жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Президенттің  тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының тапсырмаларын бақылаудан алу туралы Үкімет басшылығының шешімі шығарылғанға дейін құжаттарға БҚҚБ меңгерушісі міндетті түрде қолбелгі қояды.»;

15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Президенттің жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Үкіметке орындау үшін ұсынылған қаулыларының орындалуын үйлестіруді Экономикалық бөлім жүзеге асырады.»;

18-4-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

«18-4. Кеңсе Басшысы ай сайын Премьер-Министрге Президенттің, Үкімет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік  Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау бойынша мемлекеттік органдардағы орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы баяндайды.»;

19-1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«19-1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің,
Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың,  Премьер-Министрдің орынбасарлары және Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды мынадай лауазымды адамдар жүзеге асырады:»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мемлекеттік органның аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;»;

26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі Президенттің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды, Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын, депутаттық сауалдарды, Парламент палаталарының хаттары мен Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобаларына қорытындыларды, прокурорлық қадағалау және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерін алған кезде тиісті тапсырманы Кеңседе тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдардың атына, ал «өте шұғыл» деген белгісі бар тапсырманы – дереу, «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» деген белгісі бар тапсырмаларды бір жұмыс күнінен кешіктірмей Үкімет пен Кеңсе басшылығының қол қоюына береді.»;  

2) «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:

          8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшыларына олармен алдын ала келіспей-ақ орындау үшін міндетті тапсырмалар бере алады.»;

8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8-1. Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі – Президент),  Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің  (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі) және Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі – Ассамблея) орындау мерзімі алты айдан асатын кешенді және ведомствоаралық сипаты бар актілері мен тапсырмаларын орындау екі және одан да көп мемлекеттік органға құзыреті шеңберінде жүктелген, сондай-ақ қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі тәсілдердің, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған жағдайда орындаушы мемлекеттік орган құжат келіп түскеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 1-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді және оны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) жауапты құрылымдық бөлімшесімен келіседі.

Тапсырмалар ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылған кезде міндетті түрде ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) әзірленеді.

Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылған тапсырмалар бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) бекіту тәртібі осы Регламенттің 8-2-тармағында белгіленген тәртіпке ұқсас.

Үкімет құзыретіне кіретін және Президент атына жіберілетін бастамалар болған кезде орталық атқарушы органдар оларды Кеңсенің қарауына енгізуді қамтамасыз етеді.»;

8-2-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«8-2. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспарында (жол картасында) орындау мерзімдері айқындалып, сондай-ақ Президенттің актілерін немесе тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындаудың нысаналы және сапалық-сандық көрсеткіштері көрсетіліп, орындаушы мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылардың іс-қимыл жасасу тәртібі қамтылады.»;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бір орындаушы мемлекеттік орган және қажет болған кезде оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қатысатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) осы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.»;

8-3, 8-4, 8-5 және 8-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8-3. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) қабылданған жағдайда мемлекеттік органдардың осы Регламенттің 8-4-тармағында көзделген Президент актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекітуі талап етілмейді.

8-4. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) болмаған жағдайда қажет болғанда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысының шешімімен Президент актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі.

8-5. Орындаушысы Үкімет болып табылатын Президент актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау кезінде Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының олардың орындалуын үйлестіруі көзделеді.

8-6. Орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) лауазымды адамдары өздеріне берілген тапсырмалардың сапасыз орындалғаны және уақтылы орындалмағаны үшін дербес жауапты болады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілері (ұйымдар) тапсырмаларды бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалады. Бұл ретте орындауды үйлестіру жауапкершілігі мемлекеттік басқару органына немесе жалғыз құрылтайшы атынан Үкіметке жүктеледі. Мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты ұсынымдық сипаттағы тапсырмалар беріледі, бұл ретте орындауды үйлестіру тиісті мемлекеттік басқару саласының мемлекеттік органына жүктеледі.»;

8-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8-8.  Президенттің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы Үкімет ақпараты Президент Әкімшілігіне енгізіледі, оған Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының немесе Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысы қарарының адресатына қарай Премьер-Министр, Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қояды.»;

8-9-тармақ алып тасталсын;

8-10 және 8-11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8-10. Егер Президент актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік  Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларының тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, онда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы, ал егер Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын болса – Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйі көрсетіліп, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттігінің дәлелді негіздемесімен хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты саяси мемлекеттік қызметшілері және ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі.

 Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген, белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмайтын тапсырмалар бойынша орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының атына орындаудың ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттігінің дәлелді негіздемесімен хат енгізеді. Үкімет хат бойынша қабылданған шешім туралы он жұмыс күнінен кешіктірмей Президент Әкімшілігін хабардар етеді.

8-11. Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімін қайтадан ұзартуға Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде қабылданған шаралар туралы Президент Әкімшілігін хабардар ете отырып жол беріледі.

Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды орындау мерзімдерін қайта ұзартуға Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде қабылданған шаралар туралы Кеңсені хабардар ете отырып жол беріледі.

Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімін қайта ұзартуға Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде қабылданған шаралар туралы Президент Әкімшілігін хабардар ете отырып жол беріледі.

Президенттің орындау мерзімі үш айдан асатын актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік  Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды қайтадан ұзарту туралы ұсынысты Президент Әкімшілігіне орындаушы мемлекеттік орган (ұйым), ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалса – Премьер-Министрмен (оның міндеттерін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келісілгеннен кейін оны орындау мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.

Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген, негізгі орындаушылары Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар болып табылатын тапсырмаларды қоспағанда, орындалу мерзімі үш айдан асатын тапсырмалардың орындалуын қайта ұзарту туралы ұсынысты орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) орындалу мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей Үкімет басшылығына немесе Кеңсенің Басшысына енгізеді.

Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы ұсыныс келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырманың орындалмау себептерін анықтау мәселесі бойынша тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды.»;

8-15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8-15. Мемлекеттік органдарда Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының және Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың уақтылы орындалуы мен сапасы үшін жауапкершілік осы Регламенттің 128-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаларына жүктеледі.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Министрлiктер аппараттарының қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi Кеңсе Басшысы аппарат басшыларымен (аппарат басшысының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын лауазымды тұлғалармен) кеңестер өткiзу және Кеңсе Басшысының тиiстi тапсырмалары арқылы жүзеге асырады.»;

14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Кеңсе Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жазылған, мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе тиісті бұйрық болған кезде бірінші басшының міндеттерін атқару ресми түрде жүктелген адам қол қойған құжаттарды қабылдайды.»;

23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Үкімет мүшесінің отырысқа қатысуы мүмкін болмаған жағдайда тиісті орынбасарларының қатысуы отырыс басталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын Премьер-Министрмен не Кеңсе Басшысымен алдын ала келісіледі.»;

34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Жобаны  әзірлеуші мемлекеттік орган МОИП-та заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) және мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының немесе мемлекеттік органның аппарат басшысының мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып куәландырылған қаулы (өкім) жобасын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды электрондық құжаттар нысанында орналастырады және МОИП арқылы тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді, ал ұйымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен расталған электрондық құжаттың қағаз көшірмесі келісуге жіберіледі. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын жобалар қағаз түрінде келісіледі.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Орталық атқарушы органдардың қаулылардың (өкімдердің) жобаларын дайындау және келісу кезіндегі өзара іс-қимылы аппарат басшылары арқылы жүзеге асырылады.»;

47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«47. Жобаны қараудың қорытындысы бойынша келісуші мемлекеттік орган әзірлеушіге  мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының немесе аппарат басшысының, облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімінің (олардың міндетін атқаратын адамдардың) ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, МОИП-та электрондық құжат немесе белгі нысанында мынадай жауап нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:

1) ескертулерсіз келісілді;

2) ескертулерді жою үшін пысықтауға жіберілді. Бұл ретте келісуші орган ескертулерді орналастырады, онда оларды жою жөніндегі ұсыныстар міндетті түрде қамтылуға тиіс.

Бұл жағдайда әзірлеуші ескертулермен келіскен кезде жобаларды пысықтау МОИП-та жүзеге асырылады, бұдан кейін әзірлеуші жобаның пысықталған (келесі) нұсқасын орналастырады және оны мемлекеттік органдарға қайта келісуге жібереді;

3) келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші мемлекеттік орган келісуден бас тарту уәждемесі бар келісуден бас тарту белгісін қояды.

Келісуші мемлекеттік органдарға жобаларды «ескертулермен» келісуге тыйым салынады.»;

49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«49. Келісу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының (не олардың міндетін атқарушы адамдардың) ЭЦҚ-сымен қолбелгі қою үшін қаулы (өкім) жобасын МОИП арқылы түпкілікті келісуге жіберуді қамтамасыз етеді және келісуші мемлекеттік органдардың бірінші басшысының ЭЦҚ қойылған қорытындыларымен (келіспеушілік хаттамаларымен) және тиісті қосымшаларымен бірге электрондық құжат нысанында МОИП арқылы  Кеңсеге енгізеді. Бұл ретте жобаны келісудің түпкілікті мерзімі үш жұмыс күнінен аспауға тиіс. Заң жобаларын, Президент актілерін қамтитын жобалар, Үкімет қорытындыларының жобалары Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) арқылы қағаз және электрондық форматтарда (нысандарда) енгізіледі.

Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын жобалар тек қағаз түрінде енгізіледі.»;

50-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Үкіметтің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулы жобасы бойынша осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тиісті түрде дәлелді негіздейтін қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакцияларының салыстырма кестесін қамтуға тиіс;

заң жобаларын, Президент актілерінің жобаларын қамтитын қаулы жобасының әр парағын әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары дәйектейді және қол қояды;

жобаның әрбір абзацына қатысты дәлелді негіздеме, оның ішінде нормативтік құқықтық акт болса – тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті сілтеме, сондай-ақ одан дәйексөз келтірілуге тиіс;

Үкімет қаулыларымен бекітілген туынды нормативтік құқықтық актілердің жаңа редакциясы енгізілген кезде де жаңа редакциядағы қаулының әрбір абзацын тиісті түрде дәлелді негіздей отырып (оның ішінде нормативтік құқықтық акт болса – тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті сілтеме, сондай-ақ одан дәйексөз келтіре отырып), туынды нормативтік құқықтық актілердің бұрынғы және жаңа редакцияларының әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары қол қойған салыстырма кестесін қоса беру қажет;»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) қаулы жобасымен Парламент Мәжілісінің қарауына заң жобалары енгізілетін жағдайларда келісу парағын қамтуға тиіс. Бұл ретте келісу парағына мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қағаз жеткізгіште және электронды түрде қолбелгі қояды.

Президент актілерінің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы – қағаз және электронды түрде, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары электрондық келісу парағында келіседі;»;

50-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«50-1. Мемлекеттік органдар Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Кеңсе Басшысының тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік  Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бар жобаларды, сондай-ақ қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға, оның ішінде карантинге байланысты уақытша шектеу іс-шараларына қатысты жобаларды қоспағанда, жобаларды Кеңсеге ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға дейін енгізеді.»;

62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«62. Үкімет отырыстарында қаулы жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар жөнінде Кеңсе Басшысы осы Регламентке 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі дайындаған анықтамаға сәйкес баяндайды.»;

78-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Кеңсеге енгізілетін Президент актілерінің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы міндетті түрде қағаз және электрондық түрде келіседі, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары электрондық түрде келіседі.»;

79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«79. Үкімет Президент Әкімшілігіне енгізетін Президент актілерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған жобаларында мыналар қамтылуға тиіс:

1) Президент актісінің жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысының белгіленген тәртіппен Үкіметтің мөрімен куәландырылған көшірмесі;

2) Премьер-Министр бұрыштама қойған тиісті бланкідегі қағаз және электрондық түрдегі Президент актісінің жобасы.

Егер жоба екі және одан да көп парақтан тұратын болса, жобаның бірінші парағын қоспағанда, Президент актісінің жобасы мен оған қосымшалардың әр парағын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дәйектейді.

Кеңседе пысықталған Президент актісінің енгізілетін жобасына Үкіметке енгізілген, әзірлеуші органның бірінші басшысының бұрыштамасы бар Президент актісінің жобасын қоса беруге рұқсат беріледі.

Кеңседе пысықталған Президент актісінің жобасына Премьер-Министр қолбелгі қояды;

3) егер Президент актісінің жобасы жобада салалық мүдделері тікелей қозғалатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының көшірмелері;

4) көлемі үш парақтан аспайтын, ал күрделі мәселелер бойынша бес парақтан аспайтын түсіндірме жазба, онда мәселенің нысанасы, әлеуметтік-экономикалық және қажет болса, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де негіздемелер, жобаны қабылдаудың күтілетін салдарының болжамы, осы мәселе бойынша Президенттің бұрын қабылданған актілерінің тізбесі және олардың орындалуы туралы ақпарат жазылады.

Үкімет енгізетін Президент актісінің жобасына түсіндірме жазбаға Премьер-Министр қол қояды;

5) егер актінің жобасы Президенттің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздесе, әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы әр парағын дәйектеген және қол қойған, № 14 қаріп өлшемімен бір жоларалық интервалмен ресімделген, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар Президент актісінің қолданыстағы және ұсынылатын редакцияларының салыстырма кестесі;

6) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделген электрондық келісу парағы;

7) Президент актісінің жобасында белгіленетін әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тікелей құзыреті болған жағдайда, олар дәйектеген, қабылдануы Президент актісінің енгізілетін жобасын іске асыру үшін қажет нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобалары;

8) қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ресімделген актінің жобасында мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның бұрыштамасы болған жағдайда оған міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың немесе өкімнің көшірмесі;

9) өзге де қажетті материалдар.

Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын Президент актілерінің жобалары қағаз түрінде келісіледі.»;

81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«81. Алдағы жылға арналған жоспарды қалыптастыру Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы Жолдауы, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдаулары, Заң шығармашылығы жұмысының тұжырымдамалық жоспары, Үкімет бекітетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, ұлттық жобаларды іске асыру жөніндегі графиктердің жоспарлары, Премьер-Министр мен Үкіметтің шешімдері, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдардың, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің нәтижелері ескеріліп жүзеге  асырылады.  

Жыл сайын мамырда Үкімет Президент Жолдауы жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша ұсыныстарды Президент Әкімшілігіне жібереді.  

Үкіметтің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар жөніндегі жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Үкіметке ағымдағы жылдың сәуір айында ұсынады.»;

84-тармақта:

екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының не Президент Әкімшілігінің тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар;»;

үшінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1)  Президенттің не Президент Әкімшілігінің тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар;»;

оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қабылданып қойған заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне келісуге ұсынылады. Актінің жобасына заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар негізделген тиісті түсіндірме жазба, сондай-ақ тиісті хаттамалардың, Президенттің, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығы тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі.»;

85-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпаратты, сондай-ақ Жоспардың орындалу барысы туралы есепті әр айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Әділет министрлігіне береді.

Әділет министрлігі ай сайын Үкіметтің заң жобалау қызметінің барысын қорытады және есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне қарай Кеңсеге ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, басым заң жобалары мен Президент тапсырмасы, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырма бойынша әзірленетін заң жобалары жөніндегі, жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдарда және Парламентте өтуі, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу мерзімінің ықтимал бұзылуы туралы ақпарат береді және заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.»;

98-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларын, Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның, Үкімет басшылығының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау үшін әзірленген заң жобалары таныстырылуға тиіс.»;

99-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Президенттің тапсырмасы, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырма бойынша Үкімет әзірлеген және Парламент Мәжілісіне енгізуге жататын заң жобалары;»;

101-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«101-1. Заң жобаларымен бірге Парламент Мәжілісіне осы Регламенттің
95-тармағының 3), 4), 5), 7), 9), 11), 11-1), 12), 14), 20) тармақшаларында көрсетілген материалдар енгізіледі.»;

114-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) осы актілерді реттеу саласына жетекшілік ететін, құқықтық актілердің сапасына, әзірлену уақтылығына және енгізілуіне жауапты мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының, аппараты басшыларының нұсқауын көздейтін Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.»;

123-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«123. Өз бастамасы бойынша немесе Президенттің тапсырмасына, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларға не Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерге де, Қазақстанның басқа қаласына да (оның ішінде демалыс және мереке күндері) іссапарға шығуы қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысы алдын ала, іссапар басталғанға дейін кемінде 3 (үш) күн бұрын Премьер-Министрдің атына ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде ресімделген, өзінің іссапарға шығуына рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге тиіс.»;

126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«126. Президенттің, Премьер-Министрдің, Үкіметтің актілерін, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі мен Кеңсе басшылығының тапсырмалары, Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне, Қағидаларға және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.»;

128-тармақта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«128. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің, Премьер-Министрдің және Үкіметтің актілерін, Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды мына лауазымды адамдар жүзеге асырады:»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мемлекеттік органның аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;»;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды қоспағанда, Президенттің өңірлік сапарлары, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар қорытындылары бойынша Үкіметке орталық және жергілікті атқарушы органдарға берілген тапсырмалары тармақтарының уақтылы және сапалы іске асырылуын бақылауды Үкімет жүзеге асырады.»;

130-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«130. Президенттің актілері мен тапсырмаларына, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларға орындаудың белгіленген мерзімдері ескеріле отырып, мынадай бақылау түрлері қойылады:»;

131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«131. Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрі – бақылаудағы құжаттар):

1) Президенттің, Премьер-Министрдің  және Үкіметтің актілері не актілерінің тармақтары;

2) өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, Президент мәлімдемелерінің (үндеулерінің), жұмыс кеңестерінің, Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Президент басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген Президенттің тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;

3) Президенттің жеке тапсырмалары, сондай-ақ оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;

4) қағаз жеткізгіштерде «Бақылауға алынды» деген мөртабан немесе құжаттың электрондық карточкасында бақылау мәртебесі туралы белгі болған кезде, Президенттің қызметтік және өзге құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;

5) Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары;

6) Үкімет отырыстарының, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы, Кеңсе Басшысындағы отырыстардың хаттамалары;

7) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар берілетін Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысы мен оның орынбасарларының, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша тапсырмалары;

8) «өте шұғыл», «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері бар, орындалу мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар бар Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының Кеңсеге, Кеңсе Басшысына (оның міндетін орындаушы адамға) берген тапсырмалары;

9) Премьер-Министрдің жедел тапсырмалары;

10) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастама жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытынды беруін өтінген Парламент палаталарының өтініштері;

11) прокурорлық қадағалау актілері;

12) Конституциялық Кеңестің сұрау салулары, нормативтік қаулылары мен жолдаулары;

13) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұрау салулары, қаулылары.»;

133-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«133. Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы адамның) актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімі мемлекеттік орган мен ұйымға түскен күннен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.»;

135-тармақ алып тасталсын;

137-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Үкіметке және (немесе) Кеңсеге арналған Президенттің актілерін және/немесе тапсырмаларын, сондай-ақ  Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды  бақылаудан алу және орындау мерзімдерін ұзарту мәселелерін Президент Әкімшілігі қарайды.»;

139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«139. Президенттің жеке тапсырмаларын және  әлеуметтік желілердегі  ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын  барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар, егер Президент өзгеше белгілемесе, тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.

Президенттің жеке тапсырмаларын және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын орындау мерзімін ұзартуды Президент қана жүзеге асырады.

Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, Президенттің актілері және/немесе тапсырмалары тармақтарының, сондай-ақ Ассамблея шешімдеріндегі тапсырмалар тармақтарының орындалу мерзімдерін Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды тұлғалары қол қойған Үкіметтің не орындаушы мемлекеттік органның ұсынысымен оның келісімі негізінде Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша бір реттен асырмай ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға жол беріледі.

Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды орындау мерзімдерін Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының шешімі бойынша бір реттен асырмай ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға жол беріледі.

Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріндегі тапсырмалар бойынша орындау мерзімін ұзарту, оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы, сондай-ақ аралық ақпарат беру мерзімін белгілеу туралы шешімді Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.     

Орта мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы ай сайын немесе тоқсан сайын аралық ақпарат бере отырып жүзеге асырылады. Орта мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша бастапқы белгіленген мерзім ішінде тапсырманы орындауды аяқтау және/немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда қабылданады.

Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы тоқсан сайын немесе жартыжылдық аралық ақпарат бере отырып жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім тапсырманы орындауды объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және тапсырманы орындау нәтижелерінің тиімділігін немесе оның ел дамуының түйінді индикаторларына қол жеткізуге әсерін бақылауды жүзеге асыру қажет болған жағдайда қабылданады.»;

141-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«141-3. Кеңсеге Премьер-Министрдің тапсырмасын (оның ішінде Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының тапсырмаларынан, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардан туындайтын) орындау мерзімін екі реттен артық ұзарту туралы ұсыныс енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен  мерзімдерді бұзуға жол берген саяси мемлекеттік қызметшілерді және жауапты лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады.»;

142-тармақтың 1) тармақшасының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, Президенттің тапсырмалары (жеке тапсырмалары), оның ішінде Президенттің актілерінде, оның қатысуымен өткен кеңестердің (мәжілістердің) хаттамаларында және Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылған тапсырмалар бойынша – тиісінше Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының немесе ол уәкілеттік берген Президент  Әкімшілігінің Басшысы орынбасарының қарары бойынша.

Президент Әкімшілігінің бақылауындағы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы жүзеге асырады.

Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.

Президенттің жеке тапсырмаларының және оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланған тапсырмаларының орындалуын бақылаудан алуды Президент қана жүзеге асырады.

Президент актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Ассамблея шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) оларды Президент, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе ол уәкілеттік берген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары бақылаудан алғаннан кейін ғана, ал Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша – оларды Үкімет немесе Президент Әкімшілігі бақылаудан алғаннан кейін ғана бақылаудан алады. 

Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) оларды Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы бақылаудан алғаннан кейін ғана бақылаудан алады.

Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген, сондай-ақ Қағидалардың
57-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Үкіметтің бақылауына берілген тапсырмаларды бақылаудан алуды, негізгі орындаушылары Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар болып табылатын тапсырмаларды қоспағанда, Премьер-Министр немесе оның орынбасары жүзеге асырады.

Қағидалардың 57-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органның бақылауына берілген тапсырмаларды бақылаудан алуды оның бірінші басшысы жүзеге асырады.

Егер Үкіметтің немесе мемлекеттік органның жиынтық есептік ақпаратын қарау қорытындылары бойынша Президент тапсырмасының тармағы Қағидалардың 57-тармағы 1), 1-1) және 2) тармақшаларының талаптары бұзыла отырып бақылаудан алынғаны анықталған жағдайда, Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде бақылауды қайта бастау және тапсырманың осындай тармағының орындалу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.»;

143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«143. Жауаптар жобаларын Үкіметке енгізген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Президенттің және Президент Әкімшілігі басшылығының, Үкіметтің және Кеңсе Басшысының актілері бойынша – тапсырманың, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың нөміріне, күні мен нақты тармағына, оның мазмұнына) сілтеме жасалады. Мұндай тәртіп қаулылар мен өкімдердің жобаларын енгізген кезде қамтамасыз етіледі – егер тапсырма болмаса, жоба бастамашылық тәртіппен енгізіледі, бұл туралы ілеспе хатта сілтеме жасалады.»;

144-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Президенттің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпаратта Қағидалардың 50-тармағында белгіленген нысан бойынша мәліметтер қамтылуға тиіс.»;

  1. -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«145. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының, оның ішінде хаттамалық іс-шаралар жоспарлары мен тапсырмаларының нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін:

1) толық және сапалы орындау, оның ішінде қол қойылған заң,  Президенттің, Премьер-Министрдің, Үкіметтің қабылданған актісі немесе өзге де нормативтік құқықтық акт;

2) бұрын берілген тапсырманы қамтитын (қайталайтын) Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі, Ассамблея басшылығының, Кеңсе Басшысының жаңа тапсырмасы;

3) мемлекеттік органдардың ақпарат (есептерді) енгізуі;

4) туындаған объективті мән-жайларға байланысты орындаудың мүмкін болмауы;

5) орындалуын одан әрі бақылауды Үкіметке немесе басқа мемлекеттік органға беруі негіз болып табылады.

Бұл ретте Үкіметтің немесе басқа да мемлекеттік органның бақылауына олардың ағымдағы қызметіне байланысты және жаңа шаралар қабылдауды талап етпейтін тапсырмалар ғана берілуі мүмкін;

6) актілер және/немесе тапсырмалар тармақтарын орындаудың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған ел дамуының түйінді индикаторларына қол жеткізуге әсері тұрғысынан талдау нәтижелері.

Кеңсенің құжатты тұтастай немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелері есептің орындалу толықтығы мен сапасы тұрғысынан талдау жүргізеді және Үкімет немесе Кеңсе басшылығының тиісті қарарын,  сондай-ақ қажет болған жағдайда қызметтік жазбахат дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олар Кеңседе тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;

147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«147. Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының, Президент Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың,  сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін (екі және одан көп рет) ауыстыру фактілері Кеңсе Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде мемлекеттік органдардың аппарат басшыларын шақыра отырып қаралады.»;

149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«149. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Президенттің және Президент Әкімшілігі Басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды  орындау жөніндегі жауаптардың жобаларын Президент Әкімшілігінің жауапты орындаушыларымен алдын ала жұмыс тәртібімен келіседі.»;

151 және 152-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«151. Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының жеке  тапсырмаларын,  және әлеуметтік желілердегі  ресми аккаунттарында   жарияланған тапсырмаларын орындау жөніндегі есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы адам) не Премьер-Министрдің осы тапсырмаларды орындау тапсырылған орынбасары қол қояды.

152. Президенттің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы Үкіметтің ақпараты Президент Әкімшілігіне Президент, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қарарының адресатына қарай Премьер-Министрдің, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының қолы қойылып енгізіледі.»;

155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«155.  Кеңсе Басшысының Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының, Президент Әкімшілігі Басшылығының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған Үкіметтің атына берілген тапсырмалардың, сондай-ақ Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалуы тұрғысынан тексеру жүргізуге тапсырма беруге құқығы бар.»;

Үкімет Регламентіне 1-1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                        А. Мамин

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу