Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №90 Қаулысы

«Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға инвестициялық келісім шарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Респуликасының Үкіметі ҚАУЛЫЕТЕДІ:

1.  Қосаберіліп отырған «Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға инвестициялық келісім шарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                С. Ахметов 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу