Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі №342 Қаулысы

Жарияланды: Жұма, 11 Сәуір 2014

«Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 305-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесінде:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау;»;

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауын;»;

мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

«2-2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жергілікті бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы үшжылдық кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.»;

3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерді әзiрлеу»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінiң шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

Нәтижелердi бағалау жүргiзiлген жағдайда Ереженің осы тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.»;

11-тармақ алынып тасталсын;

12-тармақтың екінші бөлігімынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»;

13-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгiленген өңірдің даму басымдықтарын, есептi қаржы жылының бюджеттiк мониторинг нәтижелерiн, нәтижелердi бағалауды ескере отырып бөлiнуге тиiс.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:

1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестігі тұрғысынан;

2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;

17-1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

17-1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингілеу мен бағалау нәтижелері ескеріледі;»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Қайтарылған жағдайда, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдерді пысықтайды және оларды қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындысы бойынша келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдер және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына жолдайды.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде пысықталған бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.»;

24-тармақта:

екінші бөлікте:

2) тармақша алынып тасталсын;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;»;

6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерiн әзірлеу»;

32-тармақтың бірінші бөлігімынадай редакцияда жазылсын:

«32. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдердi, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.»;

33-тармақтың екінші бөлігімынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»;

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылында бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:

1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестігі тұрғысынан;

2) жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;

38-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингілеу мен бағалау нәтижелері ескеріледі;»;

39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Қайтарылған жағдайда, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдерді пысықтайды және оларды қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.

Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындысы бойыншакеліп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдер және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жібереді.»;

41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«41. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде пысықталған бюджеттiк өтiнiмдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.»;

45-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;».

2. Осы қаулының 1-тармағының 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін он сегізінші, он тоғызыншы, жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                К. Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
04 Қазан 2021, 11:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №677 Қаулысы
03 Қазан 2021, 09:47
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131
02 Қазан 2021, 14:05
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөнінде кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.