Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 ақпандағы №56 Қаулысы

Жамбыл облысы «Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 39 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Темірбек Қожакеевтің есімін беру туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 10-бабының       4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жамбыл облысы «Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 39 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Темірбек Қожакеевтің есімі берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу