Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №49 Қаулысы

Жарияланды: Дүйсенбі, 15 Ақпан 2021

«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларында:

4-тармақ  мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

«Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде республикалық комиссия отырысының мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында  жарияланады.»;

5-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:

«Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ЖАО комиссиясы отырысының мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында  жарияланады.»;

6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«6. «Бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) нәтижелеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурстық негізде беріледі.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті береді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖОКБҰ-ның тілдік даярлықты күшейтуге арналған даярлық бөлімдерін бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ-ның ректоры қол қойған бітіргені туралы транскрипт ұсынады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің
35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады.

Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.

Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 13 – 20 шілде аралығында қабылданады.

Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ЖАО комиссиясы отырысының мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында  жарияланады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектер ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы таңдаған мамандығы бойынша білім алуға қарсы айғақтардың жоқ екені туралы медициналық қорытындыны береді.»;

13-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдар.»;

15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.»;

19-тармақ  мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:

«Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде білім беру грантын тағайындау, білім беру грантын беру туралы куәлікті беру, білім беру грантын қайтару мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында  жарияланады.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. «Магистр» дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу үшін білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламаларының бір тобы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде беріледі.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші 20 тамызға дейін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті береді.

Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламасының тобын және үш ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.

Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында  жарияланады.»;

23-тармақ  мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:

«Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлікті беру,  жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын қайтару мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында  жарияланады.»;

27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«27. ЖАО білім беру гранттары өңірдің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға қажеттілігі есебімен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріліп, ҰБТ немесе КТ нәтижелеріне сәйкес беріледі.

28. ЖАО білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына жоғары білім алуға ақы төлеу үшін 5-10 тамыз аралығында осы Қағидалардың 7-10-тармақтарына сәйкес немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін 24-25 тамыз аралығында осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.

Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде  жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында  жарияланады.

ЖАО білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурс осы Қағидалардың 13-16, 21 және 23-тармақтарында көзделген тәртіппен өткізіледі.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  А. Мамин


Жаңалықтар тізбегі
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
04 Қазан 2021, 11:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №677 Қаулысы
03 Қазан 2021, 09:47
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131
02 Қазан 2021, 14:05
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөнінде кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.