Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «08» сәуірдегі № 200 қаулысы

Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасын бекіту туралы

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 36-бабы 12-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

           1.   Қоса беріліп отырған Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасы (бұдан әрі – Бас схема) бекітілсін.

           2.   Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар су шаруашылығы, табиғат қорғау және басқа да шараларды жоспарлау кезінде Бас схема ережелерін басшылыққа алсын.

           3.   Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу