Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 07 маусымдағы № 386 Қаулысы

Жарияланды: Сәрсенбі, 27 Қараша 2019

«Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы
22 шілдедегі № 422 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 22 шілдедегі № 422
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 40, 249-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларында:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік бақылау актісі құжаттарды алған кезден бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді және өтініш берушіге беріледі.

Құжаттар Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Әкетілетін тауардың әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Еуразиялық экономикалық комиссияның шешіміне сәйкес құжаттар немесе олардың көшірмелері;

2) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға басым құқықты іске асырудан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас тартқанын растайтын құжат (аффинирленген алтынды әкету кезінде);

3) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік құрамы туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы аккредиттелген сынақ зертханасы берген құжат;

4) әкетуге арналған қорытындының көшірмесі (тауарды әкеткен жағдайда);

5) қайта өңдеуге арналған қорытындының көшірмесі (тауарды қайта өңдеуге әкеткен жағдайда).

Құжаттар Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады.»;

«16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

16. Әкетуге не қайта өңдеуге қорытынды алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) тауардың атауы, оның өлшем бірліктеріндегі саны, партия нөмірі көрсетілген өтінім-хат;

2) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өндіретін субъектілер үшін – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмесі. Бұл ретте егер бұрын осындай құжаттың көшірмесі берілген болса, онда мұндай құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт ұсыну талап етілмейді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар басқа да ұйымдар үшін – әкетілетін тауарларға меншік құқығын не тауарларға ие болу туралы тараптардың ниетін растайтын құжат;

4) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі, оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшаның және (немесе) толықтырудың, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі. Егер келісімшарт (шарт, келісім) мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде болмаған жағдайда, онда келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;

5) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік қамтылуы туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдардың қамтылуы туралы аккредиттелген сынақ зертханасы берген құжат;

6) бағалы металдарды өндірудің барлық субъектілерінен тауарларды қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуы немесе уәкілетті орган бекіткен тәртіппен алынған осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасы.

Уәкілетті орган әкетуге не қайта өңдеуге арналған қорытындыны уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша уәкілетті органға құжаттар ұсынылған кезден бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде береді.

Әкетуге не қайта өңдеуге арналған қорытындыны уәкілетті орган бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетудің барлық болжамды жылдық көлеміне береді.

Құжаттар Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады.»;

17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Мемлекеттік бақылау актісі құжаттарды алған кезден бастап
3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді және өтініш берушіге беріледі.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                    А. Мамин


Жаңалықтар тізбегі
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
04 Қазан 2021, 11:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №677 Қаулысы
03 Қазан 2021, 09:47
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131
02 Қазан 2021, 14:05
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөнінде кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.