Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 07 сәуірдегі № 181 қаулысы

Жарияланды: Жұма, 07 Сәуір 2017

«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 501-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

2), 3), 4), 5), 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары;

3) Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

4) Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

5) Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

6) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;»;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгілік қағидалары;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидалары осы қаулыға
2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларыосы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларыосы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес   жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларыосы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа  редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларыосы қаулыға
6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларыосы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жетім балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгілік қағидалары»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Білім беру ұйымы заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкі, өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкте шоты болады.

Білім беру ұйымы тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердің психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес дербес әзірлейді.

Білім беру ұйымы оқушылардың бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді пайдалы тамақтануды және табиғи және жас өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыру жөнінде жұмыстар жүргізеді.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Білім беру ұйымдарының қызметін бақылау «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы заңдарына, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесі орта білім беру ұйымдары қызметінің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) үлгiлік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

1-бөлімнің тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ересектерге арналған қосымша білім беруді білім беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) жүзеге асырады.

3. Білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі), Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы заңдарына, Қазақстан Республикасының білім беру қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларға және оның негізінде әзірленген білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырады.»;

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) технологиялар мен өндірісте болып жатқан өзгерістерге байланысты оларға қойылатын талаптардың тұрақты артуын ескере отырып жұмысшылардың, қызметшілердің, мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау кәсіпорындармен (бірлестіктермен), ұйымдармен, жұмыспен қамту органдарымен, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Ересектерге арналған қосымша білім беру бюджет қаражаты есебінен де, ақылы негізде де жүзеге асырылуы мүмкін.

Ақылы негіздегі оқу құнын білім беру ұйымы айқындайды.

Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің қосымша білім алуы бюджет қаражаты есебінен аккредитациялық органдардың тізіліміне енгізілген аккредитациялық органдарда институционалдық аккредитациядан өткен оқыту ұйымдарында жүзеге асырылады.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Біліктілікті арттырудан және қайта даярлаудан өтіп жатқан қызметкерлер Еңбек кодексінде, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген кепілдіктерді пайдаланады.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымының басшысы:

1) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымының білім алушылары мен қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;

2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;

3) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымының білім алушылары мен қызметкерлерінің оқу процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;

4) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражатын нысаналы пайдаланбағаны;

5) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген өзге де талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                  Б. Сағынтаев


Жаңалықтар тізбегі
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.