Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 тамыздағы №540 Қаулысы

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.  «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі     А. Мамин

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу