Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 06 мамырдағы № 260 қаулысы

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына және 39-бабының  3-тармағына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 85-86, 618-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды екі жылдан аспайтын мерзімге белгілеуге құқылы.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастау:

1) конституциялық құрылыс негіздерін қорғауға;

2) елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

3) ішкі нарықты қорғауға;

4) ұлттық экономиканы дамытуға;

5) отандық тауар өндірушілерді қолдауға белгіленуі мүмкін.»;

8-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның реттік нөмірі 6-жолы алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                     А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу