Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 05 қазандағы № 618 қаулысы

Жарияланды: Жұма, 05 Қазан 2018

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54, 765-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылым жөніндегі талаптарды бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылым жөніндегі талаптар бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларында, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидалары, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылым жөніндегі талаптар»;

8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Өткізу пункттерін техникалық жарақтандыруға және жаңғыртуға қойылатын талаптар»;

мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:

«10. Сервистік инфрақұрылым»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қағидалар өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру тәртібін, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылым жөніндегі талаптарды айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын адамдардың кесіп өтуінің, ол арқылы көлік құралдарын, жүктерді, тауарларды, жануарларды, өсімдік өнімдерін және өзге де мүлікті (бұдан әрі – көлік құралдары және жүктер) тасымалдаудың белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету үшін өткізу пункттерінде шекаралық, кедендік, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, фитосанитариялық бақылау және бақылаудың өзге де түрлері жүзеге асырылады.»;

20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өткізу пункті жұмысының жалпы тәртібі (жұмысты бастау және аяқтау уақыты, технологиялық үзілістер) көлік ұйымдарының әкімшілігімен (әуежай, теңіз немесе өзен порты, шекаралық теміржол вокзалы, станция, автовокзал және өзге де көлік ұйымдарының басшыларымен) келісу бойынша бақылау органдары басшыларының бірлескен шешімімен бекітіледі және шектес мемлекеттің шекаралық өкілдерімен келісіледі.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Транзиттік көлік әлеуетін дамытуды, халықаралық қатынастың қарқындылығын, өткізу пункттерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, шекарамаңы ынтымақтастығын дамыту және ұлттық қауіпсіздік қатеріне қарсы іс-қимыл жасаудың сенімді деңгейі үшін жағдай жасау мақсатында халықаралық қатынастар түрлері бойынша жіктеуге, мәртебесіне, жұмыс режиміне, қатынас сипатына, жұмыс істеу тәртібіне байланысты өткізу пункттерінің мынадай санаттары белгіленеді:

1) 1-санат – жолаушылар ағынының қарқындылығы 1000 жолаушыдан жоғары және автокөлік құралы 200 бірліктен астам, мәртебесі – халықаралық;

2) 2-санат – жолаушылар ағынының қарқындылығы 800-1000 жолаушы және автокөлік құралы 180-200 бірліктен астам, мәртебесі – халықаралық;

3) 3-санат – жолаушылар ағынының қарқындылығы 500-800 жолаушы және автокөлік құралы 50-180 бірлік, мәртебесі – екіжақты немесе халықаралық.

1, 2, 3-санатты өткізу пункттері қозғалысы қарқынды әуежайларда, теңіз порттарында, теміржол станцияларында, автовокзалдарда және автомагистральдарда, жолаушылар мен көлік ағындарының қарқындылығына байланысты тәулік бойғы жұмыс режимімен құрылады;

4) 4-санат – жолаушылар ағынының қарқындылығы 500 жолаушыға және автокөлік құралы 100-150 бірлікке дейін, мәртебесі – екіжақты немесе халықаралық;

5) 5-санат – жолаушылар ағынының қарқындылығы 300 жолаушыға және автокөлік құралы 100 бірлікке дейін, мәртебесі – екіжақты.

4, 5-санатты өткізу пункттері жұмыс режимі күндізгі (тәуліктің жарық уақытында) автомобиль жолдарында, өзен өткізу пункттерінде құрылады және жолаушылар мен көлік ағындары қарқынына байланысты халықаралық немесе екіжақты мәртебеге ие болады.

Өткізу пункттеріне санаттарға бөлу мемлекеттік бақылау органдарының құрылымдық бөлімшелерін қалыптастыру кезінде ескеріледі.»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Өткізу пункттерінің ғимараттары мен құрылыстарына (әуежайлардағы, теңіз порттарындағы, теміржол станцияларындағы, автовокзалдардағы өткізу пункттері үшін бөлінген қызметтік үй-жайларға), олардың материалдық-техникалық жабдықталуына және жайластыруына, сәйкестігі, өткізілетін мемлекеттік бақылау сипатына және жолаушылар мен көлік құралдарының құжаттарын ресімдеу бойынша жүргізілетін операциялар бойынша, мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдар және мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлері үшін жағдайды қамтамасыз ету бойынша талаптар қойылады.»;

39-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 10-бөліммен толықтырылсын:

«10. Сервистік инфрақұрылым

87. Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға ыңғайлы болу үшін шекаралық, кедендік бақылау режимдік аймақтарынан тыс жерлердегі өткізу пункттерінде мынадай сервистік инфрақұрылым қосымша орналасуы мүмкін:

1) валюта айырбастау пункттері;

2) дәмханалар (буфеттер);

3) әртүрлі туристік, көліктік, сақтандыру және басқа да ұйымдардың офистері;

4) пошта бөлімшесі, сөйлесу пункті;

5) екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері;

6) оқшаулағышы бар медпункттер;

7) халықаралық көлік-логистикалық орталығы.

Сервистік инфрақұрылымды ашуды (жабуды) және жұмысын ұйымдастыруды мемлекеттік кірістер органдарының және шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерімен келісу қажет.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының    Премьер-Министрі                       Б. Сағынтаев


Жаңалықтар тізбегі
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
04 Қазан 2021, 11:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №677 Қаулысы
03 Қазан 2021, 09:47
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131
02 Қазан 2021, 14:05
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөнінде кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.