Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 тамыздағы №901 Қаулысы

Жарияланды: Сейсенбі, 05 Тамыз 2014

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14,168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

«11-1) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

63-1), 75), 87), 88) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«63-1) өсімдіктерді қорғау саласындағы халықаралық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;»;

«75) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді және ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қайта даярлауды ұйымдастырады;»;

«87) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлейді;

88) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеп алу қағидаларын әзірлейді;»;

89) тармақша алып тасталсын;

96), 97), 98), 103), 104) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«96) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларды, ветеринариялық есепке алу және есептілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;

97) ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлейді;

98) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды есептік тіркеу тәртібін бекітеді және оны өткізеді;»;

«103) жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық
іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекітеді;

104) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, азықтық қоспаларға нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу тәртібін бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 105-1), 105-2), 105-3), 105-4), 105-5), 105-6), 105-7), 105-8), 105-9), 105-10), 105-11), 105-12), 105-13), 105-14), 105-15), 105-16) тармақшалармен толықтырылсын:

«105-1) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін әзірлейді;

105-2) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін әзірлейді;

105-3) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын бекітеді;

105-4) сараптама актісін (сынақтар хаттамасын) беру қағидаларын әзірлейді;

105-5) ветеринариялық-санитариялық сараптаманы өткізу қағидаларын әзірлейді;

105-6) ветеринариялық препараттарды, азықтық қоспаларды мемлекеттік тіркеуді өткізу қағидаларын әзірлейді;

105-7) жануарларды өткізу қағидаларын әзірлейді;

105-8) жануарларды карантинге қою қағидаларын әзірлейді;

105-9) дезинфекциялауды, дезинсекциялауды, дератизациялауды өткізу қағидаларын әзірлейді;

105-10) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді;

105-11) ветеринариялық препараттарды және азықтық қоспаларды байқаудан өткізу қағидаларын бекітеді;

105-12) жануарлармен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді;

105-13) шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу және алып тастау қағидаларын әзірлейді;

105-14) ветеринариялық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді;

105-15) диагностикалық зерттеулерді жүргізу қағидаларын бекітеді;

105-16) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекітеді;»;

166-2) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 168-1), 168-2), 168-3), 168-4), 168-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«168-1) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының запастарын есепке алу және есептілік ұсыну нысандарын бекітеді;

168-2) ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу өнімдерін өндіру үшін оларды сатып алуға қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді;

168-3) олар бойынша кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесін әзірлейді;

168-4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзірлейді;

168-5) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері инвестициялық салымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді;»;

169) тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 173-1), 173-2), 173-3), 173-4), 173-5), 173-6), 173-7), 174-1), 174-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«173-1) топырақты агрохимиялық зерттеп тексеруді өткізу қағидаларын әзірлейді;

173-2) ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзірлейді;

173-3) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді өткізу қағидаларын әзірлейді;

173-4) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;

173-5) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу қағидаларын бекітеді;

173-6) ауыл шаруашылығы өнімдерінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің табиғи кему, кебу, нығыздалу, бүліну нормаларын әзірлейді;

173-7) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін әзірлейді;»;

«174-1) «Агроөнеркәсіптік кешендегі кәсібі бойынша үздік» конкурсын өткізу қағидаларын әзірлейді;

174-2) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің республикалық көрмелерін, жәрмеңкелерін ұйымдастырады;»;

175) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«175) субсидия алушы міндеттемесінің нысанын бекітеді;»

мынадай мазмұндағы 177-1), 232-1), 232-2), 232-3), 232-4), 232-5), 232-6), 232-7), 232-8), 238-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«177-1) мыналарды:

жоғары құнды өсімдіктердің және ауыл шаруашылығы жануарлары, құстары мен балықтар тұқымдарының гендік қорын сақтауды және дамытуды;

тұқым шаруашылығын дамытуды;

мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын дамытуды;

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды;

аквадақыл (балық өсіру) өнімдерінің өнімділігі мен сапасын көтеруді;

басым дақылдар өндірісін субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өсімділігі мен сапасын жоғарлатуды, көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын өткізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарының және басқа тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын;

тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда);

өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын;

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын;

жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру (соның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын;

ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеу шығындарының құнын;

отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыруды;

технологиялық жабдық кредиттері мен лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін;

шитті мақтаның және мақта талшығының сапасын сараптауға шығындардың құнын;

ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін басқару жүйесін дамытуды;

ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлейді;»;

«232-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

232-2) көрсетілетін қызметті алушылардың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;

232-3) көрсетілетін қызметті алушылардың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

232-4) агроөнеркәсіптік кешен облысындағы уәкілетті органмен келісілген ақпараттандыру сферасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру мен автоматизациялау процесстері бойынша шара қолданылады;

232-5) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалауды өткізу, сонымен қоса акпаратты мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын реті мен мерзіміне сәйкес өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген ішкі бақылау нәтижелері үшін агроөнеркәсіптік кешен облысындағы мемлекеттік қызмет көрсетуге баға беру мен сапасын бақылау уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

232-6) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына агроөнеркәсіптік кешен

саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынады;

232-7) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат береді;

232-8) көрсетілетін қызметті берушілердің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді;»;

«238-1) «Қазақстан республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізу жоспарын әзірлейді және бекітеді;»;

17-тармақта:

8-1), 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«8-1) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымды өніміне (материалға) берген, оны тану ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата жүзеге асыратын асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті тануды жүзеге асырады;»;

«9) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;»;

мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын:

«17-3) өсімдіктерді қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады;»;

126), 162) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«126) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;»;

«162) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;»;

мынадай мазмұндағы 180-1) тармақшамен толықтырылсын:

«180-1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер береді;»;

184), 186) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«184) ішкі сауда объектілерінде, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіру, дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын жүктерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы  арқылы  тасымалдау  (орнын ауыстыру) кезінде шекаралық және

кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантиндік аймақтарда және қолайсыз пункттерде жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын, таралуын болдырмау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларын басқа мемлекеттерден әкелуден және олардың таралуынан қорғау бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының ветеринария саласындағы талаптарын сақтау тұрғынына күн сайынғы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;

«186) эпизоотиялық мониторингті, эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларды тексеруді жүргізеді;»;

199) тармақша алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
23 Қазан 2021, 17:58
Ә. Смайылов қаржыгерлер аллеясының ашылу рәсіміне қатысты
23 Қазан 2021, 12:31
Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырудың маңызы зор — А. Мамин
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.