Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 наурыздағы №188 Қаулысы

«Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекітілген Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесінде:

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Субъектілерге жаңа үлгідегі таңбаларды беруді салық органы жүзеге асырады.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбаларды ескі үлгідегі таңбалары бар субъектілер және салық органдары жаңа үлгідегі таңбалар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның қатысуымен жоюға тиіс.»;

25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның құрамына салық органдарының бірінші басшылары, салық органының таңбалар үшін материалдық-жауапты адамдары және субъектінің уәкілетті өкілдері міндетті түрде енгізілуге тиіс.

26. Ескі үлгідегі таңбалардың іс жүзінде жойылғаны туралы осы Ережеге 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жойылған есепке алу-бақылау таңбаларының сериясы, нөмірлерін диапазоны, түрі мен саны, ескі үлгідегі акциздік таңбалардың түрі мен саны көрсетілетін ескі үлгідегі таңбаларды жою актісі (бұдан әрі – акт) екі данада жасалады. Жою актісінің әрбір данасына комиссия мүшелері мен субъектінің уәкілетті өкілі қол қояды, сондай-ақ салық органының және субъектінің мөрлерімен расталады.

Актінің бір данасы салық органында қалады, актінің екінші данасы субъектіге беріледі.»;

көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                              С. Ахметов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу