Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «03» сәуірдегі № 191 қаулысы

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

 

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі  Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   Қоса беріліп отырған Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін.

2.   Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін  2-бөлімді және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-бөлімді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу