Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 03 наурыздағы №170 Қаулысы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiнде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Жұмыс берушi мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты жасалады.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты болады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу