Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 03 ақпандағы №44 Қаулысы

«Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 49, 475-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі      С. Ахметов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу