Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 02 сәуірдегі №175 Қаулысы

Жарияланды: Бейсенбі, 02 Сәуір 2015

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы   11 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 297-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында:

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының және олардың жанындағы медициналық мекемелердің базасында басым мамандықтар тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан ғылыми, педагогикалық, инженерлік-техникалық және медицина қызметкерлерінің шетелдік ұйымдарда, сондай-ақ танылған әлемдік, өңірлік ғылыми-зерттеу орталықтарында, компанияларда және салалық ұйымдарда он екі айға дейінгі мерзіммен (тілдік курстардан өту мерзімдерін қоспағанда) тағылымдамадан өтуі мақсатында тағайындайды.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. «Болашақ» стипендиясы тағылымдамадан өту, әрбір дәрежені (магистр,    

философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор) алу, резидентурада оқу үшін бір рет тағайындалады.»;

9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін – тиісті шетелдік жоғары оқу орнында оқуының бүкілоқу кезеңіндегі үлгерімінің орташа балының Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық бағдарламаларда оқитын үміткерлер үшін бағалар баламалығы кестесіне сәйкес кемінде «жақсы» деген бағаға сәйкес болуы, сондай-ақ:

магистр дәрежесін алуға және резидентурада оқуға – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 4,50 балға (5,0-ден) немесе Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесіне (бұдан әрі – бағалар баламалығы кестесі) сәйкес оның баламасына сәйкес болуы;

философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор дәрежесін алуға – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 4,00 балға                (5,0-ден) немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес болуы;»;

10-тармақта:

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) академиялық оқуға өз бетімен түскендер немесе философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында білім алушылар санаты бойынша қатысатын адамдар аталған дәрежені алу үшін шетелдік жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орнымен келісілген мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариатта куәландырылған аудармалары бар жеке оқу жоспарын;»;

15) тармақшадағы «көшірмесін ұсынады.» деген сөздер «көшірмесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

«16) мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы мен оқу кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шартсыз тіркелгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін және болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариатта куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерім туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы қосымша ұсынады.»;

11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Құжаттар осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеген және «электрондық үкімет» веб-порталы не халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш берілген кезде құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Әкімші «электрондық үкімет» веб-порталы не халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдаудан және тіркеуден бас тартатындығы туралы дәлелді жауап береді.»;

16-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Әкімші бірінші, екінші және үшінші турдың өтетін орны мен уақытын айқындап, бұл туралы телефон байланысы бойынша тікелей сөйлесу арқылы күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей үміткерді хабардар етеді.»;

20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Төртінші тур үміткерлердің Жұмыс органы құратын Тәуелсіз сараптамалық комиссияның мүшелерімен жеке әңгімелесуден өтуін ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Әкімші үміткерлерді телефон байланысы бойынша тікелей сөйлесу арқылы әңгімелесудің өтетін күні мен орны туралы ол өткізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей хабардар етеді.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Тәуелсіз сараптамалық комиссия Жұмыс органы белгілеген нысан бойынша әрбір үміткерге ұсыным береді.»;

25-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген санаттар бойынша Жұмыс органы бекітетін тілдік курстардың ұзақтығы кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес, бірақ 12 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында 6 айдан аспайтын және шетелде       6 айдан аспайтынмерзім;

2) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санат және философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін түскендер бойынша Жұмыс органы бекітетін кестеге сәйкес, бірақ 12 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында 6 айдан аспайтын және шетелде 6 айдан аспайтын мерзім;

3) осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген санат бойынша 6 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында 6 айдан аспайтын мерзім.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
23 Қазан 2021, 17:58
Ә. Смайылов қаржыгерлер аллеясының ашылу рәсіміне қатысты
23 Қазан 2021, 12:31
Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырудың маңызы зор — А. Мамин
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.