Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 02 сәуірдегі №300 Қаулысы

Жарияланды: Сәрсенбі, 02 Сәуір 2014

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу комитетін құру туралы және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (бұдан әрі – Комитет) құрылсын.

2. Комитет мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып белгіленсін.

3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті.»;

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң миссиясы, негізгі мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген 2-бөлімде:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң миссиясы:

бюджетті атқару, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында, мемлекеттік сатып алу саласында, республикалық мүлікті басқару аясында басшылық ету және салааралық үйлестіру; банкроттық (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты қалыптастыру және іске асыру саласында мемлекеттік реттеу.»;

16-тармақта:

орталық аппараттың функцияларында:

45), 47) және 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«45) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды жеткізушілердің деректер базасына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептiлiктi жинау, жинақтау және талдау тәртiбiн айқындау;»;

47) мемлекеттік сатып алудың веб-порталы жұмысының техникалық істен шығуы туындаған жағдайда, мемлекеттік сатып алудың веб-порталы жұмысының тәртібін белгілеу;

48) мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдалану тәртiбiн белгілеу;»;

ведомстволарының функцияларына:

118) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«118) мына:

бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған соманы бюджетке өтеудi қамтамасыз ету мақсатында;

«Мемлекттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсызқатысушылары деп тану туралы;

міндеттемелерді толық көлемде және тиісінше түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы щарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшiне енген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арыздарды сотқа жіберу;»;

мынадай мазмұндағы 235-1), 235-2) және 235-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«235-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

235-2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабына сәйкес:

тапсырыс беруші электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарау;

тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеу және бекіту;

тапсырыс берушінің өкілі кіретін конкурстық не аукциондық комиссияның құрамын белгілеу және бекіту;

конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;

мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық немесе ауциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған адамдарды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген адамдар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді тапсырыс берушіге жіберу;

конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын анықтау;

235-3) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру;».

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі      С. Ахметов


Жаңалықтар тізбегі
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
04 Қазан 2021, 11:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №677 Қаулысы
03 Қазан 2021, 09:47
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131
02 Қазан 2021, 14:05
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөнінде кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.