Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «01» қазандағы № 565 қаулысы

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінде бақылау-өткізу пунктін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 762 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінде бақылау-өткізу пунктін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 762 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 55, 758-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келiсімнің 5-бабына, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»     2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 243, 248 және 254-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі             ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;  

мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

«1-1. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігіндегі бақылау-өткізу пунктінің аумағы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу орны болып белгіленсін.

1-2. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының Қытай бөлігінен Қазақстан бөлігіне тауарлардың келуі және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының Қазақстан бөлігінен Қытай бөлігіне тауарлардың кетуі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың келу орны немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кету орны болып табылмайтын арнайы өткел арқылы жүзеге асырылады.».

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                          Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу