Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «01» шілдедегі № 389 қаулысы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру туралы

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының                                     2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi – қор) құрылсын.
  2. Қор қызметiнiң негізгi нысанасы аударымдар мен жарналарды шоғырландыру, медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерді сатып алу және оларға ақы төлеуді жүзеге асыру болып айқындалсын.
  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджет қаражатының есебінен 106050000 (бір жүз алты миллион елу мың) теңге мөлшерінде қордың жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
  4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
  5. әділет органдарында қорды мемлекеттік тіркеуді және қордың жарғысын бекітуді;
  6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қор акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді;
  7. осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  8. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
  9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу