Мұрағат

Сізге қажет жаңалықтар күнін таңдаңыз:

Күн

Ай

Жыл

Жаңалықтар тізбегі

Электрондық мемлекеттік қызметтер, цифрлық ипотека, IT саласын дамыту – Бағдат Мусин Үкімет отырысында не туралы айтты

Сейсенбі, 28 маусымда, Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру және АT саласын дамыту мәселелері қаралды. Аталған тақырып бойынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе және «Террикон алқабы» ІТ-Hub-ын дамыту жөніндегі директоры Александр Дорошенко баяндама жасады.

Қостанай облысында экономикалық дамудың оң қарқыны байқалады  – А. Мұхамбетов

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен брифинг өтті. Өңір басшысы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында қабылданып жатқан халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі шаралар және жалпы Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы айтып берді.

Биыл әлеуметтік жобаларды іске асыруға 18 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған  —  ҚР АҚДМ

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тұрғындарымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында А. Омаров ведомствоның іске асырған жобалары, атқарған жұмыстары мен негізгі міндеттері туралы айтып берді. Жергілікті халық елдік деңгейдегі сұрақтарды қойып, тиісті жауаптар алды. Мәселен, дін, идеология, БАҚ-тағы контент, волонтерлік қызмет, жастарға қатысты мәселелер көтерілді. 

Денсаулық сақтау министрлігінің міндеті 2025 жылға қарай 30 жаңа өндіріс құру  — А. Ғиният 

Бүгін, 14 маусымда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен кезекті Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселелері қаралды. Бұл тақырыпта денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және «Нобел Алматы Фармацевтикалық фабрикасы»  АҚ бас директоры  Сельчук Танрыверди баяндама жасады.

Әрі қарай