1967 жылы туған. И. Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей СІМ жанындағы «Халықаралық қатынастар университеті» Мәскеу мемлекеттік институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.
1993-1995 ж.ж. — Мәскеу қаласындағы «Гили–Паскер» ЖШС-де мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.
1995-1996 ж.ж. — Алматы қаласындағы «Отрар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.
1996-2006 ж.ж. — «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-де инженер, бөлім басшысы, бас директор.
2006 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін — «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры.
2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеген.
2007 жылдың қыркүйегінен бастап — Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2010 жылдың сәуір айынан бастап — облыс әкімінің бірінші орынбасары.
2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
2010 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
2016-2019 жылдары — Атырау облысының әкімі.
2019 жылғы 18 желтоқсаннан бастап — Қазақстан Республикасының энергетика министрі.
2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен энергетика министрі болып қайта тағайындалды.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал