1964 жылы 19 мамырда дүниеге келген.
1986 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша аяқтады. 2000 жылы Санкт-Петербор экономика және қаржы мемлекеттік университетін тәмамдады, экономика ғылымдарының кандидаты.
Өзінің еңбек жолын 1985 жылы А. П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы мамандығынан бастады.
1986–1991 жылдар аралығында — Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, ауысым шебері, аға шебері, бас инженері, бөлім бастығының орынбасары.
1991–1995 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің жүйесінде қызмет атқарды; «Казметаллэкспорт» республикалық сыртқы экономикалық кәсіпорынның «Черметэкспорт» бас маманы, директоры; «Қазақстан Сауда» сыртқы сауда компаниясының бас директорының бірінші орынбасары.
1995–1996 жылдары — «Қарағанды металлургиялық комбинаты» МАҚ бас директорының бірінші орынбасары (Теміртау қ.).
1996–2006 жылдары — кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
2006–2007 жылдары — РФ-ғы ҚР Елшілігінің Кеңесшісі, Кеңесші-уәкілі (Мәскеу қ.).
2007–2008 жылдары — ИИР-да ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі (Тегеран қ.).
2008–2010 жылдары — Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасы Бас консулы (Германия).
2010–2012 жылдары — Малайзия, қосымша Филиппин Республикасы, Индонезия Республикасы, Бруней-Даруссалам сұлтандығында Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2012–2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы.
2014–2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы.
2015–2016 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
2016–2018 жылдары — Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
2018 жылғы 26 желтоқсанда сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен сыртқы істер министрі қызметіне қайта тағайындалды.
2019 жылы 18 қыркүйекте Президент Жарлығымен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.
2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып қайта тағайындалды.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал