Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша  республикалық ақпараттық топ мүшелерінің жұмыс сапары барысында Алматы қаласының активімен және «Қазақтелеком» АҚ коллективімен кездесті.

 Сонымен қатар Ерболат Досаев «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында Алматы әкімімен Алатау ауданындағы Алғабас кентінде бой көтерген үйлерден пәтер кілтін табыстау салтанатты шараға қатысты.

«Мемлекет басшысының осы жолдауы сыртқы нарықтағы конъюнктураның нашарлауы жағдайында экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету, қазіргі жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру  үшін ерекше мәнге ие», - деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

«Ұлттық қордың жаңа инвестициялары экономиканы одан әрі қайта жаңартуға бағытталады, ең алдымен – көлік, энергетика, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымды, шағын және орта бизнесті дамытуға»,- деп айтты ҚР Ұлттық экономика министрі.

«Инфрақұрылымды дамыту ішкі сұраныстың өсуіне ықпал етіп, жаңа өндірістердің дамуына, бизнес пен халық үшін іскерлік байланыстар мен жаңа мүмкіндіктерді арттыруға, өңірлердің экономикалық интеграциясына қолайлы жағдай туғызатынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр», - деп тусіндіріп өтті Ерболат Досаев.

«Жолдауға қаржыландырудың қажетті көлемдері мен көздері бар нақты жобалар салынған», - деп айрықша атап өтті Ерболат Досаев.

1) Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы ақпанда экономикалық өсуді қолдау және жұмыспен қамту үшін Ұлттық қордан  2014-2015 жылдары бір триллион теңге (6 млрд. $) бөлу туралы шешім қабылдады;

2) «Нұрлы - жол» жаңа экономикалық саясатыН оны іске асыру үшін 2015 жылдан бастап 2017 жылдары аралығында Ұлттық қордан жыл сайын 3 миллиард доллар бөлінетін болады.

«Үкімет Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес 7 негізгі бағытты іске асыру бойынша ауқымды және жауапты жұмысқа кірісті», - деп хабарлады министр.

1. Елдің көліктік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту.

«Хаб қағидаты бойынша макроөңірлерді қалыптастыру шеңберінде, инфрақұрылымы өзара байланыстағы қалалар қаңқасын құрау қарастырылуда. Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен, өңірлерінде теңбе-тең даму мен кооперациялану үшін жағдай жасау мақсатында, тарту орталықтары болады»,- деди Ерболат Досаев.

«Осы жобаларды іске асыруға ҚР Ұлттық қорынан 2015 жылы 178 млрд. теңге, 2016 жылы 143,3 млрд. теңге бөлінетін болады. Осы жобаларды қаржыландыру             2020 жылға дейін жалғасады, сондай-ақ қосымша қаржыландыру көлемі жобаларды іске асырған сайын нақтыланатын болады», - министр айрықша атап өтті.

Автожолдарды ауқымды салу және қайта қалпына келтіру 2020 жылдарға дейін автожолдар саласында шамамен 200,0 мың жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Отандық тауар өндірушілерінің экспорттық жолдарын және елдің транзитін батыс бағытта дамыту мақсатында, Маңғыстау облысындағы «Боржақты – Ерсай» теміржол желісінің және Құрық портында кемежай кешенін салу бойынша жобалар іске асырылатынболады.

«Боржақты – Ерсай» теміржол желісінің құрылысы үшін Ұлттық қордан 2015 жылы 6,7 млрд. теңге, Құрық портында кемежай кешенінің құрылысына 2015 жылы –  4,8 млрд. теңге, 2016 жылы – 7 млрд. теңге бөлінетін болады»,- деп хабарлады Ерболат Досаев.

Бұл жобаларды іске асыру жөнелту айлақтарында жүктерді теңізбен тасымалдаудың өзіндік құнын едәуір азайтуға және Құрық кемежай кешеніне теміржол құрамдарын кедергісіз әкелуге жағдай туғызады.   

Нәтижесінде, Қазақстанда екі толыққанды теңіз айлағы пайда болады. 2020 жылға дейін Каспий теңізі айлақтары арқылы аударылатын жүктердің жалпы көлемі 25 млн. тоннаны құрайтын болады, оның ішінде Құрық кешені жылына 4 млн.тонна көлеміндегі жүкті аударуды қамтамасыз ететін болады.

Министрдің айтуынша, поездар қозғалысын ұйымдастыруда «тар» орындарды жою, Солтүстік-Оңтүстік бағыты бойынша тасымалдау процесі тиімділігін арттыру үшін құны 39 млрд. теңге шамасындағы Шу-Алматы учаскесінде тұтас екінші теміржолдардың құрылысын электрлендіре отырып жүзеге асыру көзделуде, ал 2015 жылы 8,3 млрд. теңге, 2016 жылы 19,4 млрд.теңге бөлінетін болады. Жобаның қалған бөлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.

«Жалпы көліктік-логистикалық жобалар бойынша құрылыс кезеңінде уақытша құрылатын жұмыс орындарының саны 
2,5 мыңнан астам адамды құрайдыжәне пайдалану уақытында 700 тұрақты жұмыс орнын құрайтын болады», - деп айттй Ерболат Досаев.

2. Индустриялық инфрақұрылымды дамыту.

Жолдауда «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» мен «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарының құрылысын аяқтау қажеттігі атап өтілген болатын.

«Арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымының құрылысын аяқтау үшін 2015 жылы 68,5 миллиард теңге бөлінетін болады. Бұл ретте 2014 жылы осы мақсаттарға Ұлттық қордан 24,5 миллиард теңге бөлінген болатын», - деп атап өтті ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын аяқтау өнеркәсіптің әртүрлі секторларында кеңінен пайдаланылатын экспортқа бағытталған полимерлі өнімдерді шығару, құрылыс кезеңінде 20 мыңнан астам жұмыс орнын және пайдалану кезеңінде 1,5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашу үшін 1,5 триллион теңгеге жуық инвестиция тартуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді министр.

Қазақстан үлкен транзиттік әлеуетке ие. «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын «Жетіген-Қорғас» темір жолымен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль дәлізімен технологиялық байланыста құру қысқа мерзімде Еуропа мен Азияға қолжетімділікті қамтамасыз ететін қуатты индустриялық-логистикалық хабты құруға мүмкіндік береді, бұл Қазақстанның өңірде іскер, сауда және логистикалық хаб ретінде қалыптасуында үлкен маңызы бар.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы инфрақұрылымының құрылысын аяқтау үшін 2015 жылы 12,5 млрд. теңге бөлінетін болады. 2014 жылы осы мақсаттарға Ұлттық қордан 24,5 млрд. теңге бөлінген болатын.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы инфрақұрылымының құрылысын аяқтау Қорғас арқылы тауар айналымының көлемін 8 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жүк тасымалдауды жылына 4 млн. тоннаға дейін ұлғайтады. Нәтижесінде 150 млрд.теңге жеке инвестициялар тартылатын болады және 20 мыңға дейін жұмыс орны ашылады.

3. Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту.

Шығыс Қазақстан мен Алматы өңірлерін электрмен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру және Солтүстік-Оңтүстік бағытындағы транзитті күшейту мақсатында «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік 500 кВ транзитін салу» жобасы іске асырылатын болады. Бұл жоба екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:

1)      Екібастұз – Семей – Өскемен бағыты бойынша;

2)      Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы бағыты бойынша.

Жобаны іске асыру «KEGOC» акционерлік қоғамының  118,9 млрд. теңге сомасындағы қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

4. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын, су және жылумен қамтамасыз ету желілерін жаңғырту.

«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын, су және жылумен қамтамасыз ету желілерін жаңғырту жобаларын іске асыруға Ұлттық қордан 2015 жылы 60 млрд.теңге, ал 2016 жылы 100 млрд. теңге бөлінетін болады»,- деді министр. 

«Коммуналдық желілерді жаңғырту жобаларын табысты іске асыру 2020 жылға дейін сумен,  жылумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын 65%-дан 53%-ға дейін төмендетуге және желілердегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, бұл су мен жылу беру, сондай-ақ су бұру бойынша барынша сапалы қызметтерге қол жеткізуге  мүмкіндік береді»,- атап өтті Ерболат Досаев.

5. Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту.

әлеуметтік тұрғын үй салу және халыққа тұрғын үй беру кезінде оларды тиімді жағдайлармен қамтамасыз ету үшін 2020 жылға дейін 1,4 млн.шаршы метр тұрғын үй салынады:

1)      жалға берілетін тұрғын үйдің 60% агломерацияларда (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе);

2!) 40% облыс орталықтарында, моноқалаларда және ауылдық елді мекендерде салынады. 

«Жалпы жалдамалы тұрғын үйдің құрылысына қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2020 жылға дейін 250 млрд. теңге жұмсалады»,- деп айтты ҚР Ұлттық экономика министрі.

6. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Қазіргі уақытта апатты мектептер мен үш ауысымдық оқыту білім беру саласындағы өткір мәселелердің бірі болып отыр.

«Мектептердегі үш ауысымдық оқытуды жою үшін 2018 жылға дейін 67 мектеп салынатын болады. Бұл мақсаттарға Ұлттық қордан 2015 жылға дейін – 23,5 млрд. теңге, 2016 жылы - 23,5 млрд. теңге және 2017 жылы 23 млрд. теңгебөлінетін болады»,-деп хабарлады Ерболат Досаев. 

Министрдің айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 2018 жылға дейін 36 балабақша салынады. Бұл мақсаттарға Ұлттық қордан 2015 жылға дейін – 6,5 млрд. теңге, 2016 жылы - 6,5 млрд. теңгежәне 2017 жылы 7 млрд. теңге бөлінетін болады.

7. Шағын, орта бизнесті және іскерлік белсенділікті қолдау.

«Жолдау шеңберінде елдегі іскерлік белсенділікті одан әрі қолдау үшін 2015 және 2016 жылдары Ұлттық қордан 200 млрд. теңге, жыл сайын 100 млрд. теңгеден бөлінетін болады»,-деп атап өтті Ерболат Досаев.

Бұл қаражат «Даму» қоры мен «Қазақстан даму банкі» АҚ-ның қолданыстағы банкаралық кредиттеу бағдарламаларын пайдалана отырып, шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті кредиттеуге, оның ішінде 100 млрд. теңге ШОБ-ты қаржыландыруға және ірі кәсіпкерлікті қаржыландыруға 100 млрд. теңге жұмсалатын болады.

Жалпы ШОБ және ірі кәсіпкерлер жобаларын жеңілдік қаржыландыру пулы 555 млрд. теңгені құрайды, бұл бізге 2020 жылға дейін 30 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында отанымызды дамытудың орасан зор әлеуеті жайлы айтылған, ол Қазақстан экономикасының алдына кеңінен жол ашып береді», - деп қорытындылады ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз-қызметі

Жарияланды: 28 қараша 2014

Архив

Қараша
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту