Құрметті депутаттар!

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасының«Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы»және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарының жобалары ұсынылып отыр.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы болып табылады. Осы шарт шеңберінде тауарлардың сыртқы саудасын реттеу мәселелері ұлттықтан жоғары органға – Еуразиялық экономикалық комиссияға берілді.  

Осыған орай, бүгінгі күні ұлттық заңнаманың нормаларын Кеден Одағының шарттық-құқықтық базасымен, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен сәйкестендіру аса маңызды болып табылады.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бойынша келіссөздердің жүргізілуін ескере отырып, осы саладағы ұлттық заңнаманы халықаралық құқыққа сәйкес өзектілендіру қажеттігі туындап отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану саласы 3 Заңмен реттеленеді:

1) «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

2) «Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

3) «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.

Жаңа заң жобасы 2012 жылғы 17 сәуірден бастап тергеулер жүргізу жөніндегі өкілеттіктер Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментіне берілгенін ескереді. 

Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментіне тергеулер жүргізу жөніндегі өкілеттіктер берілген берілген кезден бастап:

- тергеу жүргізетін органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібін;

- уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары арасындағы өзара іс-қимыл арқылы мемлекеттің ұстанымын тұжырымдауды;

- арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдында тергеулерге бастама жасау туралы ұсыныстар беру бойынша Қазақстан Республикасы уәкiлеттi органының құзыретін заңнамалық түрде реттеу қажеттігі туындап отыр.

Заң жобасында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есептеу, төлеу, есепке жатқызу, бөлу, қайтару және есепке жатқызу тәртібі кедендік әкелу баждарына ұқсас тәртіпте көзделген.

Негізгі Заң жобасын іске асыру мақсатында Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша ілеспе Заң жобасы әзірленді, онда:

1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне адамдардың арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеуден босатуға негіз болатын жалған мәліметтерді мәлімдегені, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершілігін қарастыру бөлігінде өзгерістер енгізу;

2. «Қазақстан Республикасының Кеден ісі туралы» ҚР Кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның Еуразиялық экономикалық комиссияға үшінші елдерге қатысты шараларын қолдану алдындағы тергеулерді жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан алынған құпия ақпаратты беруі бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

3. «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның үшінші елдерге қатысты сауда шараларын қолдану алдындағы тергеулерді жүргізу мақсатында статистикалық ақпаратты ұсынуы бөлігінде толықтыру енгізу;

4. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары түрінде ішкі нарықты қорғау шараларын толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізу көзделеді.

Заң жобаларын іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, құрметті депутаттар, Сіздерден, аталған Заң жобаларын қолдауларыңызды сұраймын.

Назарларыңызға рахмет!

Жарияланды: 24 қыркүйек 2014

Архив

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту