Құрметті журналистер!

Өткен күні Үкімет ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде жарияланған Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы 2014-2015 есебін талқылаған болатын.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан тиімділік және инновациялық даму факторларына жоғары мән берілетін тиімді дамудың екінші кезеңінен инновациялық дамудың жоғарғы үшінші кезеңіне ауыспалы позициядағы елдер тобында өз орнын сақтай отырып, 4,42 (2013 жылы 4,41 – 50 орын, 2012 жылы 4,38 – 51 орын, ) орташа баллмен   144 елдің ішінде 50-орынға ие болды.

ДЭФ ЖБИ рейтингісінде елдер 12 фактор бойынша бағаланады, олардың 2-уі бойынша Қазақстан бірінші 30 елдің қатарына кірген.

Анықтама: факторлар - институттар, инфрақұрылым, макроэкономикалық орта, денсаулық және бастауыш білім, жоғары білім және кәсіби даярлық, тауар нарығының тиімділігі, қаржы нарығының дамуы, технологиялық даярлық, нарық мөлшері, компаниялар мен инновациялардың бәсекеге қабілеттілігі.

Қазақстанның 2014 жылғы басты позициялары «еңбек нарығының тиімділігі» (15-орын) және «макроэкономикалық орта» (27-орын) факторлары болып табылады.

Ең әлсіз факторлар бірнеше жыл қатарынан «қаржы нарығының дамығандығы» (98-орын, +5), «денсаулық және бастауыш біліме» (96-орын, +1), «компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі» (91-орын, +3) болып табылады.

«Қаржы нарығының дамығандығы» факторы бойынша осал көрсеткіштер банктер сенімділігі (108, -8), құқықтарды қорғау индексі (96, +3) болып табылады.

Денсаулық сақтау саласында әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда Қазақстаның «туберкулезбен ауыру» (102, +3), «туберкулездің бизнеске әсері» (111) және «орташа өмір сүру ұзақтығы» (99, +4) жайғасымдары әлсіз болып отыр. Сонымен қатар, бастауыш біліммен қамтудың төмен деңгейі сақталады (116, +2).

«Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі» факторы бойынша жайғасымдардың 94-орыннан 91-орынға жақсаруына қарамастан әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда ішкі нарықта өнім берушілер саны (103, +2) және сапасы (108, -6), кластерлердің дамығандығы (116, +10), бәсекелес артықшылықтар негізі (84, +34), халықаралық дистрибуцияны бақылау (91, +10) көрсеткіштері төмен болып отыр.

Қазақстанның ЕАЭО және ДСҰ-ға кіру шарттарында халықаралық нарықтарда қазақстандық компаниялардың халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілеттілігінің артуына назар аудару қажет.

Өткен жылмен салыстырғанда ДЭФ ЖБИ келесі индикаторлары бойынша технологиялар және инновациялар саласында әлсіз дамығандығы салдарынан жайғасымдардың нашарлауы байқалған:

-                  жоғары технологиялық өнімді мемлекеттік сатып алу (74, -16);

-                  компаниялардың қазіргі заманғы технологияларды көрсету қабілеті (90, -12);

-                  тікелей шетел инвестициялары және технологияларды тапсыру (107, -14);

-                  ҒЗТКЖ саласында университеттер мен бизнестің ынтымақтастығы (88, -9).

Институттарды дамытуда тежеуші фактор сыбайлас жемқорлық деңгейінің жоғарылығы болып табылады. Осылайша, Қазақстан бейресми төлемдер және пара көрсеткіші бойынша 80-орынға дейін 15 жайғасымға түсіп кетті. ДЭФ сауалнамасына сәйкес ең сыбайлас жемқорлық сипатқа ие салалар ТКШ, сот жүйесі, кеден рәсімдері болып табылады.

Макроэкономикалық көрсеткіштер арасында «ЖІӨ-гі импорт үлесі» (123, +1) және «орташа жылдық инфляция қарқыны» (107, -14) бойынша ЖІӨ-гі импорт үлесінің 22,8%-дан 21,8%-ға дейін төмендеуіне және орташа жылдық инфляция қарқынының 2013 жылдың нәтижелері бойынша 5,1%-дан 5,8%-ға артуына байланысты төмен жайғасымдар байқалады.

Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі жайғасымдарын жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың ақпанында «Макроэкономика», «Институттар», «Бизнес», «Технологиялар және инновациялар», «Адами даму» деген бес фактор бойынша Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша мастер-жоспарлар бекітілген.

ДЭФ ЖБИ 2014-2015 жарияланған рейтингісін ескере отырып мастер-жоспарлар Дүниежүзілік Банктің бұрын қабылданған 2016 жылға қарай «Doing Business» рейтингісінің бірінші 30 елінің қатарына кіруі бойынша іс-шаралар жоспарымен ұқсастықта өзектендірілетін болады.

Назарларыңызға рахмет!

Жарияланды: 10 қыркүйек 2014

Архив

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту