Құрметті сенаторлар!

Сіздердің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы енгізіліп отыр.

Заң жобасы жаңа бюджет саясатының және Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамаларын одан әрі іске асыру мақсатында әзірленді.

1) Бюджетті атқарудың икемділігін арттыру мақсатында Үкімет шешімі бойынша республикалық бюджет комиссиясында қараусыз 5 %-дан аспайтын көлемде, республикалық бюджет комиссиясында қарау арқылы 5%-дан 10%-ға дейінгі көлемде бюджетті түзету жолымен бір орталық мемлекеттік органның бюджеттік даму бағдарламалары арасында қаражатты қайта бөлу мүмкіндігі көзделіп отыр.

2) Нысаналы даму трансферттерін іске асыру кезінде әкімшілер мен жергілікті атқарушы органдардың дербестігін арттыру мақсатында:

- мемлекеттік органдардың нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде өңірлер арасында 10%-дан аспайтын көлемде қаражатты қайта бөлу мүмкіндігі;

- әкімдердің нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында 10%-дан аспайтын көлемде қаражатты қайта бөлу мүмкіндігі көзделген.

3) Өңірлерге нысаналы трансферттерді бөлу және іске асыру рәсімдерін оңайлату үшін:

- ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша келісімдерді алып тастау;

- төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді жеке қаржыландыру жоспары негізінде аудару;

- жоғары тұрған бюджеттен қосымша бөлінген немесе бөлінген нысаналы трансферттердің көлемдері өзгерген кезде жергілікті бюджетке түзету жүргізу ұсынылады.

4) Жер қойнауын пайдаланушылардың өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдарын жергілікті бюджеттің салықтық емес түсімдерінде көрсету көзделеді.

5) Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын, олардың көрсеткіштерін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына интеграциялай отырып, әзірлеу алынып тасталады.

6) Жергілікті мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды жеделдету мақсатында:

-     жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерін үш жылдық кезеңге белгiлеу ұсынылады (қолданыстағы тәртіп жергілікті атқарушы органдар лимиттерін жыл сайын белгілеуді көздейді);

-     құны 7,5 млрд. теңгеден аспайтын жергілікті концессиялық жобаларды келісуді және сараптауды жергілікті деңгейге беру;

-     жергілікті атқарушы органдардыңконцессиялық жобаларының тiзбесін облыстық мәслихаттардың бекітуіне беру ұсынылады.

7)«Халықтық IPO» бағдарламасын жалғастыру шеңберінде аса маңызды стратегиялық объектілерді бақылауды сақтау мақсатында, ұлттық компанияларға магистралды теміржол және ұлттық электр желілерін иеліктен шығаруға тыйым салынады және акциялар пакетін сату мөлшері бойынша шектеулер белгіленеді.

8) «Doing Business» рейтингінің индикаторларын жақсарту мақсатында:

   - елді мекендер аумағында объектілерді салу үшін жер учаскелерін беру рәсімдерін жеңілдету;

- экологиялық нормалардың талаптары төмендетілген объектілер үшін қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу талаптарын алып тастау;

- электрондық кедендік декларациялауды енгізу және электрондық құжаттарды пайдалану көзделеді.

9) Бұдаң басқазаң жобасында бюджеттік есептілікті және бюджетті атқару рәсімдерін жетілдіру бойынша нормалар көзделген:

- 2018 жылдан бастап мемлекеттік бюджет бойынша жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті құрастыру;

- бюджетке артық (қате) есептелген сомаларды бюджеттен қайтару тәртібін жеңілдету;

- бюджеттік есептілік нысандарын оңтайландыру;

- бюджеттік кредиттеу мен бюджеттік кредиттерді өтеу рәсімдерін жетілдіру.

Құрметті депутаттар!

Парламент Сенатында қарау барысындазаң жобасына жекелеген салық төлеушілер үшін бақылау-кассалық машиналарды қолдану мәселесі бойынша нормалар енгізілді.

Сондай-ақ, капиталды көп қажет ететін мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін қаржыландыруды тартуға мүмкіндік беретін, аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру барысында кредиторлардың мүдделерін қорғау бойынша нормалар көзделді.

Заң жобасын қабылдау қаражаттың игерілмеу көлемін қысқартуға, жергілікті деңгейде бюджеттің атқарылуын жеңілдетуге, стратегиялық объектілерді бақылаудың сақталуына, кәсіпкерлік үшін жағдайларды жақсартуға, сондай-ақ мемлекеттік жекешелік әріптестіктің одан әрі дамуына ықпал ететін болады.                       

Осыған байланысты, заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

Жарияланды: 19 маусым 2014

Архив

Маусым
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту