Мемлекет басшысының инвесторлар үшін жаңа ынталандырулар пакетін енгізу бойынша тапсырмасын іске асыру үшін Сіздердің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізіліп отыр.

Инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі Заң жоба инвесторлармен жасалатын инвестициялық келісімшарттардың тетігі мен шарттарын қайта қарауды, инвестициялық преференцияларды кеңейтуді, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шараларды көздейді.

1. Жасалатын келісімшарттар шеңберінде инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары енгізіліп отыр:

-    10 жылға корпоративтік табыс салығы төлеуден босату;

-    10 жылға жер салығын төлеуден босату;

-    8 жылға жылжымайтын мүліккке салық төлеуден босату;

-    объекті пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет тарапынан инвесторлардың күрделі шығындарын 30 %-ға дейін өтеу (инвестициялық субсидиялар);

2. Инвесторлармен келісімшарт жасасқан сәттен бастап 10 жылдық мерзімге салық ставкалары, төлемдер мен алымдардың «тұрақтылығын» (қосымша құн салығы және акциздерден басқа) енгізу көзделіп отыр;

3. Жасалған келісімшарттар шеңберінде инвесторларға инвестициялық жоба құрылысының барлық мерзімінде және объектіні пайдалануға енгізілгеннен кейін бір жыл бойы квотасыз және рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тарту құқығы ұсынылады.

4. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция жөнінде комитетінің құзыретіне инвесторларға олармен инвестициялық келісімшарт жасасқан жағдайда кепілді тапсырысты қамтамасыз ететін жәрдемдесу бойынша функциялары енгізіледі.

5. Келісімшарт жасасқан инвесторлардың құжаттарды жинау және әзірлеуде қатысуын азайту, мемлекеттік қызмет көрсететін субъектілермен тікелей қатынасты шектеу мақсатында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция бойынша комитетінің базасында инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты енгізілуде.

Жоғарыда аталған ынталандырулар пакеті индустриялық- инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаға (ИИДМБ) сәйкес экономиканың басым салаларындағы құны 20 млн. АҚШ долларынан кем емес жаңа инвестициялық жобалар үшін берілетін болады.

6.  Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін экономиканың нақты секторына арналған тарифтерінің болжамдылығын қамтамасыз ету жолымен ұзақ мерзімге (5 жыл және одан аса) табиғи монополияның субъектілеріне тарифтердің шектеулі деңгейін бекіту қарастырылады.

7.  Инвесторлардың мүдделерін және құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заңды негізде «инвестициялық омбудсмен» институты енгізілуде.

Заңнамамен Салық және Жер кодекстеріне, инвестициялар, табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар, халықты жұмыспен қамту, халықтың көші-қоны туралы Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Заңнаманы қабылдау инвестициялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді, ел экономикасының басым секторларына шетелдік және отандық инвестициялардың тартылуын қамтамасыз етеді.

Жарияланды: 11 маусым 2014

Архив

Маусым
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту