Ағымдағы экономикалық жағдай мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Сондай-ақ Сіздерді ағымдағы жылғы 9 қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың іске асырылуы туралы ақпаратпен таныстырмақшымын.

Мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты 2015 жылғы тамызда теңге бағамы түзетілгеннен кейін, 2008 жылғы қаржылық дағдарыстан кейінгі ең ауыр кезеңді бастан өткізгеніміз Сіздерге белгілі.

Экономиканың өсу серпіні тұрақсыз болды. 2016 жылғы алғашқы бес айдағы экономикалық өсу қарқындарының құлдырауынан кейін маусымнан бастап экономиканың оң өсуі байқалды.

Ағымдағы жылғы 8 айдың қорытындылары бойынша Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуі 0,3%-ды құрады.

Бұл, ең алдымен, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының және Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы шараларының шеңберінде қабылданып жатқан істердің оң әсеріне байланысты.

Өсудің елеусіз болғанына қарамастан, әріптес елдермен салыстырғанда Қазақстанда оң ахуал қалыптасты.

Ел экономикасының өсуі құрылыста (6,7%-ға), көлік саласында (4,2%-ға), ауыл шаруашылығында (4,9%-ға), өңдеу өнеркәсібінде (0,7%-ға) өнім шығаруды ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді.

Әлемдік бағалардың төмендеуі және мұнай (4,9%-ға), көмір (6,5%-ға)және темір рудасы (15,8%-ға) өндірісінің қысқаруы тау-кен өнеркәсібіндегі өсуді тежеп отыр. Бұл салада әзірге 4,8%-ға артта қалу байқалады.

Экономикалық өсу көбіне шикізаттық емес секторлар есебінен қамтамасыз етілуде.

Ағымдағы жылғы 8 айдың ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсуі 0,7%-ды құрады. Металлургия өнімдері (8,3%-ға), тамақ өнімдері (3,8%-ға), мұнай өңдеу (0,6%-ға), пластмасса (2,4%-ға), сондай-ақ фармацияның (2,5%-ға) өндірісі өсті.

Экспорт құрылымында да шикізат емес тауарлар үлесі ұлғайды. Өңделуі жоғары өнімдердің экспорты өсті, бұл - тамақ өнеркәсібі (қант пен кондитерлік өнімдер 84,0%-ға, 17,2 мың т.дейін, май мен тоң май 26,9%-ға, 34,5 мың т. дейін, ет және ет өнімдері 12,5%-ға, 5,8 мың т. дейін), химиялық тыңайтқыштар (82,2%-ға, 114,5 мың т. дейін), тоқыма материалдарын өндіру (4,4%-ға, 24,2 мың т. дейін), дайын металл бұйымдар өндіру (мойынтіректер 51,2%-ға, 7,3 мың т. дейін) салалары.

Өңірлік бөліністе өнеркәсіптің өсуі 9 өңірде және төмендеуі 7 өңірде байқалып отыр.

Өнеркәсіптік өндірістің едәуір өсуі Оңтүстік Қазақстан (4,5%-ға), Ақмола (4,2%-ға) және Шығыс Қазақстан облыстарында (4,1%-ға) байқалады.

Мұнай өндірудің қысқаруы есебінен Қызылорда (10,6%-ға) және Маңғыстау (3,9%-ға) облыстарында, темір (16,3%-ға) және құрамында алтыны бар (38,8%-ға) рудаларды өндірудің азаюы есебінен Қостанай облысында (4,1%-ға) өнеркәсіптің едәуір төмендегені байқалады.

Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 4,9%-ға ұлғайды, оның ішінде өсімдік шаруашылығында - 12%-ға және мал шаруашылығында - 2,3%-ға.

Ауыл шарауашылығындағы орнықты нәтижелер инвестициялық субсидиялар бойынша мемлекеттік қолдауды 2 еседен артық ұлғайту есебінен Агроөнеркәсіпке салынған инвестициялардың айтарлықтай 56%-ға өсуіне байланысты (2015 жылғы 6,1 млрд. теңгеден 2016 жылы12,7 млрд. теңгеге дейін).

Маңғыстау облысын (16,7%-ға төмендеу) қоспағанда, барлық өңірлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің өскені байқалып отыр.

Құрылыс көлемі 6,7%-ға өсті, бұл «Нұрлы жол» шеңберінде инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысының жаппай жүргізілуіне байланысты.

Барлық көздер есебінен салынған тұрғын үйлерді пайдалануға беру қаңтар-тамызда 14%-ға (6,37 млн. шаршы метрге дейін) ұлғайды.

Пайдалануға берілген көп пәтерлі тұрғын үйлер алаңының көлемі - 26,7%-ға (3,1 млн. ш. м. дейін), жеке тұрғын үйлердің көлемі – 4,0%-ға (3,3 млн. ш. м. дейін) өсті. Мемлекет қаражаты есебінен де оң серпін сақталған, ол қаражатқа 507 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.

Тұғын үйді пайдалануға берудің барынша өсуін Павлодар (42,9%-ға), Ақмола (42,8%-ға), Оңтүстік (38,7%-ға) және Солтүстік Қазақстан (33,1%-ға) облыстары көрсетіп отыр. Бұл ретте төмендеу (8,7%-ға төмендеу) тек Қостанай облысында байқалады.  

2015-2016 жылдары тұрғын үй инфрақұрылымын жүргізуге 151,2 млрд. теңге бөлінді. Бюджеттен инфрақұрылымға бөлінген әрбір 1 теңгеге тұрғын үйге арналған 9,3 теңге жеке салым тартылды.

Экономикалық өсудің басты факторы негізгі капиталға инвестициялардың 4,8%-ға ұлғаюы болды.

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемі           4,3 трлн. теңгені, оның ішінде үштен бір бөлігінен астамы (36,9%) - 1,5 трлн. теңгені мемлекеттік инвестициялар мен ұлттық холдингтер қаражаты құрады.

Тікелей шетел инвестицияларының ағыны бірінші жартыжылдықта бес есе - 5,7 млрд. АҚШ долл. дейін ұлғайды.

Елдің халықаралық резервтері жылдың басынан бастап 4,6%-ға өсті және 95,6 млрд. АҚШ долл. құрады, Ұлттық қордың активтері 64,9 млрд. АҚШ долл. жетті (ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте 2,1%-ға өсу).

Мамырдан бастап экономиканы кредиттеу қайта жандандырылды. 1 тамыздағы жағдай бойынша кредиттер 0,5%-ға өсті (12,7 трлн. теңгеге дейін). Жаңадан берілген кредиттер көлемі 2016 жылғы жеті айдың ішінде 7,8%-ға өсуді көрсете отырып, 5,4 трлн. теңгеге жетті.

Елдің сыртқы сауда айналымы қаңтар-шілде ішінде 29,6%-ға 33,1 млрд. АҚШ долл. дейін қысқарды. Экспорт 20,0 млрд. АҚШ долл. (төмендеу 30,0%-ға), импорт – 13,1 млрд. АҚШ долл. құрады (төмендеу 28,8%-ға).

Инфляциялық процестердің бәсеңдегені байқалады. Ағымдағы жылғы шілдеде жылдық инфляция – 17,7%-ға дейін жетіп, бірте-бірте төмендей бастады.

Тамызда айлық инфляция 0,2%-ға дейін бәсеңдеді, жылдың басынан бастап - 5,4%-ды құрады. Инфляцияға негізгі салымды азық-түлік емес тауарлардың 6,1%-ға (салым – 1,9 п.к.) қымбаттауы алып келді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы, міне осындай.  

II.«Нұрлы жол» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

Құрметті депутаттар, Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған жаңа экономикалық саясатты іске асыру үшін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанын өздеріңіз білесіздер. Бұл бағдарлама әлемдік экономиканың бәсеңдеп өсуі және экспорттық тауарлар бағасының төмендеуі жағдайында іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді қолдаудың басты ынталандырушы тетігіне айналды.

Мемлекеттік бағдарлама шұғыла қағидаты бойынша тиімді инфрақұрылым құрудың негізінде елдің макрөңірлерін біріктіру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыруға бағытталған.

Елдің 6 макроөңірі (оңтүстік, орталық-шығыс, батыс, солтүстік, Алматы қ. және Астана қ.) айқындалды, оған ұлттық және халықаралық деңгейдегі хаб-қалалар ретінде Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалалары таңдалып алынды.

Бұл қалалар макроөңірлердің экономикалық белсенділігінің, капиталды, ресурстарды, озық технологиялар мен көрсетілетін қызметтерді шоғырландыру орталығына айналмақ. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды, тұрғын үй құрылысын дамыту мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту арқылы осы процеске ықпал ететін болады.

Бірінші бағыт. «Шұғыла қағидаты» бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрлым құру мақсатында коммуникацияның барлық түрлері Астанадан басқа макроөңірлерге бағытталатын болады. Ол үшін Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Батыс Еуропа – Батыс Қытай және басқа да автожол жобаларын іске асыру жоспарланған.

2015 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең ішінде барлығы 6,7 мың км автомобиль жолдары салынып, реконструкцияланады.

Мемлекеттік бағдарламада теміржол желілері мен Құрық портында паром өткелін салу жоспарланған, бұл Қазақстан арқылы Иран, Қытай, Ресей және Еуропалық одақ елдері бағытындағы транзитті өсіруге ықпал етеді.

Екінші бағыт – индустриялық және туристік инфрақұрылымды дамыту.

Макроөңірлерде өнеркәсіпті дамыту үшін Мемлекеттік бағдарламада арнайы экономикалық аймақтар салу, атап айтқанда, Атырау облысында Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркін және «Қорғас-Шығыс қақпаларын» салу көзделген.

Үшінші бағыт шеңберінде Бірыңғай электр энергетикасы жүйесі аясында энергетикалық инфрақұрылымды нығайту болжанады. Шығыс Қазақстан және Алматы өңірлерінің электрмен жабдықталу сенімділігін арттыру, сондай-ақ «Солтүстік-Оңтүстік» бағытындағы транзитті күшейту мақсатында «KEGOC» акционерлік қоғамы «500 кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитінің құрылысы» жобасын іске асыруда.

Бұл Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік бағытындағы ұлттық электр желісі транзиттік әлеуетін 1350 МВт-тан 2100 МВт-қа дейін (өсім 750 МВт) ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Төртінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымы және жылумен, сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін жаңғырту (реконструкциялау және салу).

Шығыны мен апаттылығы жоғары шамамен 1 мың км жылумен жабдықтау желісін және 6 мың км-ге жуық сумен жабдықтау, су бұру желілерін жаңғырту жоспарлануда.

Бесінші бағыт – мкроөңірлерде халықтың өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз етуі тиіс жалдамалы, кредиттік және коммерциялық тұрғын үй салу.

Мемлекеттік бағдарламада 2020 жылға қарай 4,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген (2020 жылға қарай жалдамалы – 1,7 млн ш. м тұрғын үй, кредиттік – 2 млн. ш. м тұрғын үй, коммерциялық – 0,8 млн. ш. м тұрғын үй).

Алтыншы бағыт – білім беру саласы инфрақұрылымын дамыту.

Басты міндет өңірлерде апатты мектептер мен үш ауысымды оқытуды жою болып табылады.

Ол үшін жаңа жалпы білім беру мектептері салынып, пайдалануға берілетін болады.

Жетінші бағыт – бұл кәсіпкерлікті қолдау мен инфрақұрылым салу.

Кәсіпкерлікті қолдау үшін өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілері мен ірі кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеуге Ұлттық қордан айтарлықтай қаражат бөлінуде.

Аталған қаражат инвестициялық жобаларды іске асыруға, айналым капиталын толықтыруға және бұрын берілген қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталды, бұл ретте түпкілікті қарыз алушыға арналған сыйақы мөлшерлемесі 10 жылға дейінгі мерзіммен жылдық 6%-дан аспайтын мөлшерді құрады.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жылдары ішінде кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнімнің жалпы көлемі             2020 жылға қарай 1,5 трлн. теңгені құрайды.

Мемлекеттік бағдарламаның жекелеген бағыты – бұл экономиканың машина жасау, вагон жасау сияқты салаларын, агроөнеркәсіптік кешенді, өңдеу өнеркәсібінің басқа да секторларын қолдау болып табылады, сондай-ақ экспортты қолдау үшін қаржылық ресурстар көзделген.

Экономиканың аталған секторларын қолдау жөніндегі бұл шаралар ағымдағы өндіріс көлемдерін, қолда бар жұмыс орындарын сақтауды, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы конъюнктураның нашарлауы жағдайында жаңаларын құруды қамтамасыз етуі тиіс.

Мемлекеттік бағдарламаның барлық бағыттарын іске асыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2015-2017 жылдары жыл сайын 3 млрд. АҚШ доллары бөлінеді.

Одан басқа, «Нұрлы жол» жобаларын іске асыру үшін халықаралық қаржы институттарының 8,1 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі қарыз қаражатын және ұлттық компаниялар мен даму институттарының
254 млрд. теңге мөлшеріндегі жеке қаражатын тарту көзделген.

Мәселен, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін көзделген қаржыландырудың жалпы көлемі 5 жыл ішінде шамамен 18 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Мемлекеттік бағдарламаның 2015 жылы және ағымдағы жылдың 8 айы ішінде қол жеткізілген нәтижелеріне егжей-тегжейлі тоқтала кетуге рұқсат етіңіз.

1) Көліктік-логистикалық инфрақұрылымның дамуы

            2015-2016 жылдары автожолдарды салу мен реконструкциялауға 329,3 млрд.теңге бөлінді (2015 жыл – 178 млрд.теңге, 2016 – 151,3 млрд.теңге).

Аталған қаражат есебінен «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс», «Орталық-Батыс» бағыттары және республикалық маңызы бар басқа да автожолдар сияқты басты бағыттар бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Бүгінгі күні жол-құрылыс жұмыстарымен 1700 км автожол қамтылған.

2015-2016 жылдары барлығы 774 км автожол салу және реконструкциялау жоспарланып отыр.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай және Бейнеу – Ақтау екі автожол жобасын іске асыру үшін бюджеттік ресурстарға қосымша Халықаралық қаржы ұйымдарының (Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі, Азия Даму банкі) 147,8 млрд.теңге сомасындағы қарыздары тартылған.

Негізгі автожол жобаларын іске асыруды жалғастыру үшін 2017 жылы қосымша 143,5 млрд.теңге мөлшерінде Ұлттық қор қаражатын жұмсау жоспарлануда.

Логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша 2015-2016 жылдары Боржақты-Ерсай және Алматы-Шу теміржол желілерін, Құрық портында паром өткелін және Астана қ. әуежай салуға 95,2 млрд.теңге бөлінді (2015 жылы – 48,8 млрд.теңге, 2016 жылы – 46,4 млрд.теңге).

2) Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту

Мемлекет басшысы 2018 жылға қарай үш ауысымды оқытуды жоюды, мектептердің апаттылығын азайтуды және 2020 жылға қарай 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтылуын тапсырды.

2015-2016 жылдары - 96 білім беру объектісін - 77 мектеп пен 19 балабақша салу үшін 77,3 млрд. тенге бөлінді (2015 жыл – 19,4 млрд. теңге, 2016 – 57,9 млрд. теңге).

Бүгінгі күннің өзінде 41 білім беру объектісі пайдалануға берілді, оның ішінде 21 мектеп үш ауысымды оқытуды жою үшін, 6 мектеп апатты мектептердің орнына және 14 балабақша.

Жылдың соңына дейін қосымша 8 мектеп және 4 балабақша салынатын болады.  

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2017 жылы біз Ұлттық қордан 71,7 млрд. теңге мөлшерінде, сондай-ақ мектептердің сейсмикалық төзімділігін күшейту үшін 8,3 млрд.теңгені қосымша көздеп отырмыз.

3) Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуды іске асыру кезіндегі біздің негізгі көрсеткішіміз жылумен, сумен жабдықтау, су бұру желілерінің тозу деңгейін 2014 жылғы 67%-дан 2020 жылға қарай 53%-ға дейін төмендету және тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту болып табылады.

Осы мақсаттарға 2015 жылы 60 млрд. теңге бөлінді және ағымдағы жылы 90 млрд. теңге көзделген.

313 км инженерлік желі салынды және реконструкцияланды, олардың ішінде 175 км - жылумен жабдықтау желілері мен 138 км сумен жабдықтау және су бұру желілері.

Нәтижесінде, көрсеткіштің 65%-дағы жоспарлы мәніне 2016 жылы кестеден оза отырып, қол жеткізілді.

Біз республика бойынша инженерлік желілердің тозу деңгейін 63%-ға дейін төмендетуге бірінші рет қол жеткіздік.

Ағымдағы жылы бұл бағытқа 90 млрд. теңге көзделді, оның ішінде 75 млрд. теңге бюджеттік кредиттеуге және 15 млрд. теңге Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды қоса қаржыландыру арқылы табиғи монополия субъектілерінің шығыстарын субсидиялауға көзделді.

Бюджеттік кредиттеуге көзделген
75 млрд. теңгеден қаржыландыру жоспарына сәйкес ЖАО-ға 55 млрд. теңге аударылды, бұл қаржыландыру жоспарының 100% құрайды.

2017 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша басталған жобаларды аяқтау үшін 53 млрд. теңге көзделді.

Сонымен бірге, бюджеттік инвестициялар есебінен желілердің тозу проблемасын толық шешу мүмкін емес екендігі белгілі.

Осыған байланысты, нарықтық тарифтерді енгізу арқылы жобалардың өзін-өзі ақтауына бірте-бірте көшу қажет.  

Бұл бағытты Халықаралық қаржы ұйымдары (ХҚҰ) қаражатын тарта отырып, іске асыру жоспарлануда.

2015-2016 жылдары ХҚҰ-мен бірлесе отырып, аталған жобаларды 15,2 млрд. теңгеге қоса қаржыландырумен жалпы құны 42,5 млрд. теңгеге 23 жобаны іске асыру басталды.

4) Тұрғын үй инфрақұрылымын салу

Тұрғын үйдің барлық түрлерін, оның ішінде Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін Мемлекеттік бағдарламада жаппай құрылыс салу аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (ИКИ) салу көзделген.

ИКИ көбіне жалдамалы, кредиттік, коммерциялық және Жеке тұрғын үй құрылысы салынатын жаппай құрылыс салу аудандарына тартылатын болады.

Осы мақсаттарға 2015-2016 жылдары 151,8 млрд. теңге бөлінді (2015 жылы – 40,3 млрд. теңге, 2016 жылы – 110,9 млрд. теңге).

2016-2017 жылдары біз Жеке тұрғын үй құрылысына арналған 100,9 мың учаскені қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етеміз. Инфрақұрылым бүгінгі күні берілген 57,4 мың жер учаскесіне және жаңа 43,5 мың учаскеге жүргізілетін болады.

2017 жылы қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 84 млрд. теңге жұмсау жоспарлануда.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды көптеп салу тұрғын үй құрылысын өркендетуге ықпал етеді. 2016 жылдың басынан бастап бюджеттік инвестициялардың әрбір 1 теңгесіне ИКИ-ге қосымша тұрғын үй құрылысына 9,3 теңге жеке инвестициялар тартылды (2015 жылы 16,6 теңге).

5) Тұрғын үй салу

Экономиканың аралас салаларын дамыту арқылы экономикалық белсенділікті қолдау және мультипликативті тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жалдамалы, кредиттік және коммерциялық тұрғын үй құрылысы бар қарқынмен жүргізілуде.

Осы мақсаттарға 2015-2016 жылдары 444 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы – 122,5 млрд. теңге және 2016 жылы – 321,5 млрд. теңге бөлінді.

Көрсетілген бағыттар бойынша 2015-2017 жылдары 3,1 млн. шаршы метрден астам (шамамен 53 мың пәтер) тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде 2015 жылы ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда 860 мың шаршы метр (12 529 пәтер) тұрғын үй.

Ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 488,7 мың ш. метр немесе шамамен 8 мың пәтер және 2017 жылы 1,9 млн. ш. м. (32 мың пәтер) пайдалануға берілетін болады.

2015 жылы 122,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 92,5 млрд. теңге – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы жалдамалы тұрғын үй салуға және 30 млрд. теңге – «ҚТҚЖБ» салымшылары үшін ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үйдің бұрын басталған объектілерін аяқтауға.

Аталған қаражат есебінен бүгінгі күннің өзінде 746,6 мың ш. м (12 309 пәтер) пайдалануға берілді және ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша пайдалануға беру – 164,5 мың ш. м немесе 3 134 пәтерді құрайды.

2016 жылы 321,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - 224,5 млрд. теңге, және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - 97 млрд. теңге.

Бөлінген қаражатқа 2017 жылдың соңына дейін пайдалануға 2,2 млн. ш. м. немесе 38,2 мың пәтерді беру жоспарлануда, олардың ішінде бүгінгі күні құрылыс операторлары («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) шамамен 900 мың ш. м тұрғын үй (15,6 мың пәтер) салу үшін 178,3 млрд. теңге сомасына шарттар жасасты.

Ағымдағы жылы 13,2 мың ш. м. (220 пәтер) пайдалануға берілді және жылдың соңына дейін қосымша шамамен 324,2 мың ш. м (4,8 мың пәтер) берілетін болады.

6) Кәсіпкерлікті қолдау

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және Дағдарысқа қарсы жоспар шеңберіндегі негізгі бағыттардың бірі кәсіпкерлікті қолдау болып табылады.

Кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру үшін 2016 жылы Ұлттық қор және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражаты есебінен барлығы шамамен 575 млрд. теңге көзделген.

Бүгінгі күні көрсетілген қаражаттың шамамен 333 млрд. теңгесі екінші деңгейдегі банктерде және қаржы институттарында орналастырылған, оның ішінде 141 млрд. теңгені кәсіпкерлер алды.

Бұл қаражат инфрақұрылым жүргізуге, жаңа инвестициялық жобаларды кредиттеуге, айналым капиталын және экспорттық операцияларды қаржыландыруға және қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған.

Ұлттық қордан 2014-2015 жылдары бөлінген 300 млрд теңге есебінен өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлікті револьверлік кредиттеуді жалғастырудамыз. 2016 жылғы 1 тамызға 1491 жобасы 308 млрд теңгеге қаржыландырылды.

Кәсіпкерлікті қолдау үшін Халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты да тартылуда. Өткен жылы Азия Даму Банкінен және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінен 93,2 млрд теңге (Азия Даму Банкінен 62,2 млрд. теңге, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінен 31 млрд. теңге) тартылды, 624 жоба қаржыландырылды.

Ағымдағы жылы Азия Даму Банкінен және Еуропа Инвестициялық Банкінен 156,4 млрд теңге мөлшерінде кредиттік желі тарту жоспарлануда (Азия Даму Банкінен – 68 млрд. теңге, Еуропа Инвестициялық Банкінен – 88,4 млрд. теңге).

Жалпы, қабылданған шаралар шағын және орта бизнес өнімдерін шығаруды 0,3%-ға және жұмыспен қамтуды
4,1 %-ға, сондай-ақ ағымдағы жылдың басынан бастап шағын және орта бизнесті кредиттеуді 35,8 %-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді.

7) Жобаларды Халықаралық қаржы ұйымдарымен қоса қаржыландыру

Негізгі бағыттардың бірі халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық болып табылады (Дүниежүзілік Банк тобы, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі), олар әріптестік туралы негіздемелік келісімдерге сәйкес Қазақстанға қаржылық және техникалық қолдау көрсетеді.

Бүгінгі күні жетекші ХҚҰ-мен бірлескен жобалар 3300 км-ден артық автомобиль жолдарын реконструкциялауды, 380 мың гектардан артық жер алқабында суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін жақсартуды, 515- тен артық адамды ауыз сумен қамтамасыз етуді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дамытуды қоса алғанда, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Бүгінгі таңда, 1 млрд АҚШ долларынан артық сомаға 18 келісімге қол қойылған. Жыл соңына дейін 500 млн. АҚШ долларына тағы 9 келісімге қол қойылатын болады.

ХҚҰ-мен бірлескен жобаларды қоса қаржыландыруға 2015-2016 жылдары 20,3 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы – 8 млрд. теңге, 2016 жылы – 12,3 млрд. теңге бөлінді.

Сонымен бірге, Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарын іске асыру үшін Ұлттық қордан бөлінетін бюджеттік инвестициялардың шектеулі екенін атап өткім келеді.  

Осыған байланысты, 2020 жылға қарай басты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін, кейбір бағыттарды тікелей бюджеттік қаржыландырудың орнына, 2018 жылдан бастап қаржыландыру бюджеттік емес (ХҚҰ) қаражат тарту есебінен жүзеге асырылатын болады.

Жалпы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы 2015-2016 жылдары экономиканы өсіру мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің негізгі жетекшілерінің біріне айналды. Оны іске асырудың нәтижесінде біз 2015-2016 жылдары экономиканың рецессиясына жол бермедік.

Мәселен, 2015 жылы Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігі 125,6 мың жұмыс орнын, оның ішінде 22,5 мың тұрақты жұмыс орнын, 103,1 мың уақытша жұмыс орнын құра отырып, ЖІӨ өсімінде 1,3 п.к. құрады.

Ағымдағы жылы «Нұрлы жолдың» ЖІӨ өсуіне қосқан үлесі 200 мың жұмыс орнын қамтамасыз ете отырып, 1,2 п.к. құрады.

III. Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 9 қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру

Құрметті депутаттар, Үкіметтің кейінгі кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы экономикалық саясаттың орта мерзімді кезеңге арналған бірқатар басымдықтарын белгілеп бергенін білесіздер.

Үкіметтің міндеті – Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтарды барынша тиімді әрі нәтижелі іске асырудың практикалық жоспарын ұсыну.  

Бірінші.Халықты тұрғын үймен одан әрі қамтамасыз ету үшін қолданыстағы бағдарламалардағы барлық тұрғын үй мәселелерін бір бағдарламаға біріктіре отырып, бірыңғай «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.  

Бағдарламада басты назар тұрғын үй құрылысын мемлекет қаражаты есебінен тікелей қаржыландырудан мына міндеттерді шешу арқылы жеке бастамаларды ынталандыруға ауысатын болады:

1)        Пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қоса алғанда, ЕДБ ипотекалық қарыздар беру арқылы сұранысты ынталандыру;

2)        «ҚТҚЖБ» АҚ салымшылары үшін кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және өңірлік жалдамалы тұрғын үй қорын құру;

3)        Мемлекеттің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуы арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту және инженерлік инфрақұрылым шығындарын өтей отырып, жер учаскелерін беру.  

Бағдарламаны іске асыру тұрғын үй құрылысына арналған бюджет қаражатының әрбір 1 теңгесіне шамамен 10 тг. жеке инвестиция тарту арқылы бюджетті жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Екінші.Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік

Әлеуметтік-экономикалық саясаттың басты міндеттерінің бірі халықты өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл, ең алдымен, өзін өзі жұмыспен қамту проблемасын шешу.

Қазіргі уақытта өзін өзі жұмыспен қамтыған халық саны 2.2 млн. адамды құрайды, олардың ішінде 60%-дан астамы ауылдарда тұрады және табыстары 60 мың теңгеден төмен. Төрттен бір бөлігі – жастар.

Бүгінгі күні өзін өзі жұмыспен қамтыған халықтың бір бөлігі уақытша жұмыстармен күн көруге мәжбүр екені жасырын емес. Біздің міндетіміз – өзін өзі жұмыспен қамтығандарды өнімді жұмыспен қамтуға көптеп тарту және олардың табысын ұлғайту.  

Біз бұл міндетті шешудің екі жолын көріп отырмыз.

1) кәсіптік біліктілігін арттыру және еңбекке жұмылуға ынталандыру арқылы өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.  

Ол үшін 2017 жылдан бастап «Жалпыға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске қосылатын болады. Осы мақсатқа 7 млрд. теңге көзделді, оның ішінде 2 млрд. теңге республикалық бюджетте және 5 млрд. теңге жергілікті бюджеттерге жалпы сипаттағы трансферттерде. Бұл кәсіби мамандықтар бойынша гранттар санын 84 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2) микрокредиттеуді дамыту жолымен жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру.

Ағымдағы жылы бұл мақсаттарға Жұмыспен қамту жол картасы және Бизнес жол картасы шеңберінде 32,6 млрд. теңгеден астам сома бөлінді. Осының нәтижесінде ағымдағы жылы 4,4 мыңға жуық жеке бастамаға қолдау көрсетілді,         2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес микрокредиттеу тетіктері жетілдіретін болады. Қалаларда біз банк секторы инфрақұрылымын тартуды, ауылдық жерлерде – микрокредиттеу жөніндегі бірыңғай оператор құруды жоспарлап отырмыз.

Жалпы, біздің бағалауымыз бойынша, егер жеке ісін бастау не тұрақты жұмыспен қамтылу мүмкіндігін беру жолымен өзін өзі жұмыспен қамтығандар санын 440 мың адамға немесе 5 п.к. азайтсақ, бұл 5 жыл ішінде ЖІӨ-нің 3-4% немесе жылына 0,6-0,8% қосымша өсіміне мүмкіндік береді.

Үшінші. Жеке бастамаларды ынталандыру және инвестициялар тарту

Соңғы жылдары біз экономикаға мемлекеттік инвестициялардың (квазимемлекеттік секторды қоса алғанда) 40%-ға дейін айтарлықтай өскенін байқадық, мемлекеттің қатысу үлесі ЖІӨ 60%-мен бағаланады, ал дамыған елдерде – 20%-дан төмен.

Мемлекеттік сектор басты инвесторлардың біріне айналды. Мемлекеттің экономикаға үлкен үлеспен қатысуы жеке инвестициялардың қысқаруына және бәсекелі ортадан бизнестің ығыстырылып шығарылуына алып келеді.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы бізге мемлекеттің үлесін төмендетуге және экономиканы мемлекеттен қаржыландыруды азайтуға, сондай-ақ банк секторы мен жеке сектордың инвестициялық белсенділігін қайта жаңғыртуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

Инвестициялардың 40% мемлекет қаржысына келетінін, дағдарысқа дейінгі жылдары (2004-2005) инвестициялар өсуінің 30%-ды құрағанын, бұл ретте қаржыландыру көздерінде мемлекеттің үлесі 13%-дан аспағанын мен бұрын да айтып өткенмін. Бұл бюджет пен Ұлттық қорға жүктеме түсірместен, экономикалық өсуді қамтамасыз етіп отырды. Біз енді осыған қайтып келуіміз керек.

Мемлекет басшысының жекешелендіру процесін белсендендіру жөніндегі тапсырмасы бойынша Үкімет 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің жаңа кешенді жоспарын бекіткені Сіздерге мәлім, ол 783 жекешелендіру объектісінен, оның ішінде ТОП-65 ірі компаниялардан тұратын тізбелерді қамтиды, олар басым тәртіппен іске асырылатын болады. Бұл мұнай-газ, теміржол, атом, энергетика және экономиканың басқа да салаларының ұйымдары.

Бүгінгі күні тауар нарықтарын талдаудың шеңберінде бәсекелі ортада жұмыс істейтін квазимемлекеттік сектор компаниялары айқындалуда.

Біз оларды бәсекелі ортаға беру мақсатында министрліктер мен ведомстволардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына қайта түгендеу жүргізуге тиіспіз.

Осылайша, Жекешелендіру объектілерінің тізбесі толықтырылатын болады. Түпкілікті мақсаты – мемлекеттің экономикаға қатысуын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейі - 15%-ға дейін төмендету.

Халықаралық тәжірибе жекешелендірудің капиталға қайтарым деңгейін және инвестицияларды 30-40%-ға ұлғайтуға, қор нарығының екі есе өсуіне және бәсекелестіктің артуына алып келетінін көрсетеді.

Жеке инвестициялар тарту, ең алдымен, банктік секторды қалпына келтіруге байланысты.  

ЕДБ инвестицияларды қаржыландыруға қатысуы 2013 жылғы 16,5%-дан 2015 жылы 6,3%-ға айтарлықтай төмендеді.

Жалпы, Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесе отырып, банктік кредиттеуді ынталандыру және қаржы ұйымдарының нарық субъектілерін қаржыландырудағы рөлін ұлғайту бойынша шаралар қабылдайтын болады.

Біздің есептеулеріміз бойынша инвестициялар өсуін ЕДБ кредиттеуін қалпына келтіру есебінен 2013 жылғы деңгейге жеткізу ЖІӨ-нің жыл сайын 1%-ға ұлғаюын қамтамасыз етеді.

Төртінші. Экономиканы әртараптандыру.

Экономиканы одан әрі әртараптандыру үшін тек бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды қолдау мен экспортты ұлғайтуға негізделген 2020 жылға дейінгі индустрияландыру бағдарламасы іске асырылуда.

Сондай-ақ, әртараптандырудың маңызды бағыттарының бірі «Нұрлы жол» бағдарламасын Қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасымен ұштастыру жоспары болып табылады.

Заманауи көліктік-логистикалық инфрақұрылым қалыптастырудың негізгі басымдықтары аралас тасымалдарды дамыту үшін жағдайлар жасау, оның ішінде мультимодальды Еуразия трансконтинентальды дәлізін дамыту.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін «Агробизнес 2020» бағдарламасының негізінде Мемлекеттік агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы әзірленеді.

Жаңа Мемлекеттік бағдарлама аясында өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту, сервистік-дайындау кооперативтерін құру, суармалы жерлерді айналымға енгізу жөніндегі міндеттер шешілмек.   600 мың га. суармалы жерді пайдалануға берудің нәтижесінде 200 мың тұрақты жұмыс орнын құруға болады.

Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі бір жұмыскерге 1,2 млн. теңгені құрайды, бұл басқа салалармен салыстырғанда 3,6 есе төмен. Егер біз еңбек өнімділігін 25%-ға ұлғайтсақ, бұл 5 жыл ішінде ЖІӨ қатысты 1,0-1,5% өсімді немесе жыл сайын 0,2-0,3%-ға өсім береді.

Бесінші. Тұрақты макроэкономика

Экономикалық саясатты тиімді іске асырудың басты шарты макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Оған мынадай міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге болады.

1) Инфляция деңгейін төмендету және баға тұрақтылығын одан әрі қамтамасыз ету. Орта мерзімді перспективада Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты инфляцияны 3–4%-ға дейін төмендетуге бағытталады.

2) Мемлекеттік борыштың өсуіне жол бермеу. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда төмен деңгейде. 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық мемлекеттік борыш 10,9 трлн тг (бір долларға 338,8 тг болғанда 32,2 млрд долл.) немесе 2016 жылғы ЖІӨ-ге қатысты 24,6%-ды  құрады, оның ішінде ішкі борыш ЖІӨ-ге қатысты 13,5% және сыртқы борыш ЖІӨ-ге қатысты 11,1%. 2017–2019 жылдары мемлекеттік борышты қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін республикалық бюджет тапшылығын 2019 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 1,0 %-ға дейін кейіннен төмендетумен 2017 жылы ЖІӨ-ге қатысты 1,2 %-ға азайту жоспарланып отыр.  

3) Салық саясатындағы біздің мақсатымыз жанама салықтар алу тетіктерін жетілдіру және тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жою, сондай-ақ арнайы салықтық режимдерді реформалау арқылы көлеңкелі айналым деңгейін төмендету және елдің экономикасына инвестициялар ағынын ынталандыру болып табылады.

Салық жүйесін реформалау және әкімшілендіруді жақсарту жұмысы белсенді түрде жүргізілуде, бұл бізге бюджет кірістерін арттыруға мүмкіндік береді.

Әлемдік практикада салық жинауды арттырудың біршама мысалдары бар, бұл мөлшерлемелерді өзгертей-ақ, салықтық түсімдерді 30-40%-ға ұлғайтады.

4) Мұнай бағасының төмен деңгейде сақталуы жағдайында келешек ұрпақ үшін Ұлттық қордың сақталуын қамтамасыз ету маңызды.

Біздің негізгі болжамымыз бойынша Ұлттық қордан бөлінетін трансферттердің жыл сайынғы көлемі түсімдерді  2017 жылы 1,4 трлн теңгеге және 2018 - 2019 жылдары 1,0 трлн теңгеге көтеретін болады. Бұл, нәтижесінде, Ұлттық қор актвитерінің көлемін 2015 жылғы 63,4 млрд доллардан      2019 жылы 50,7 млрд долларға дейін қысқартуға алып келуі мүмкін. Осыған байланысты Ұлттық қордан қосымша қаражат тартылмайтын болады. Біз экономиканың жеке инвестициялар мен кәсіпкерлікті дамытуға негізделген ішкі мүмкіндіктерін пайдаланамыз.

Тұтастай алғанда, «Нұрлы жол», Индустрияландыру бағдарламаларын, Агроөнеркәсіптік кешенді, жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Мемлекет басшысы атаған жаңа бағыттарды, банктік сектордың инвестициялық белсенділігін қалпына келтіруді, жеке инвестициялар тартуды, салық жүйесін реформалауды тиімді іске асыру жыл сайын орта мерзімді перспективада экономиканың 3,5-4% деңгейінде өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Жарияланды: 19 қыркүйек 2016

Архив

Қыркүйек
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту